- Толығырақ
2025 жылдың сәуір айының 25-і күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен “Парктер шеруі - 2025” Халықаралық табиғатты қорғау акциясы, “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы, Республикалық “ТазаLike” жол картасының іс-шарасы шеңберінде мектеп аулаларында “Болашақты бірге отырғызамыз!” экологиялық акциясы атап өтілді.
Аталмыш акцияға “Қарабұйрат” және “Мақаншы” орманшылықтары да атсалысты!
Ерекше атап өте кетерлік жайт, ұлттық парктің мемлекеттік инспекторлары Мақаншы ауданына қарасты "Көктерек орта мектеп-бақшасы" КММ-нде биылғы мектеп бітіруші 11- сынып түлектерімен, бірлескен алма көшеттерін отырғызу жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, Үржар ауданының бірқатар мектептерінде де жеміс көшетін отырғызу жұмыстары ауқымды түрде жүргізілді.
Мақсатымыз - аумағымыздағы экологияны одан ары жақсарту, елді-мекендерді көгалдандыру, өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға деген оң көзқарасын нығайту.
Акция барысында отырғызылған жасыл желектер саны - 230 бірлік, қамтылған мектептер саны - 6 бірлік, акцияға қатысушылар саны - 70 адам.
ЭАРТ бөлім басшысының м.а. Р.Қабсаметов.
- Толығырақ
Ұлттық парктің аумағында аумақты шолып тексеру барысында мемлекеттік инспектор Қ. Толубаев дуадақтың жұмыртқа басу сәтін суретке түсірді.
Дуадақтар ұясын ашық далада, шөп арасына, жерге шұңқыр қазып жасайды. Аналығы 1–2 жұмыртқа салып, өзі басады, ал аталығы бұл процеске қатыспайды. Жұмыртқаны басу мерзімі шамамен 20–28 күн.
📷Мемлекеттік инспектор Қ.Толубаев.
- Толығырақ
🌸 «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері 2025 жылдың 24 сәуірі күні, «Парктер шеруі – 2025» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында “Көлденең орта мектеп-бақшасы” КММ-сінің 8-10 сынып оқушыларына «Көктемнің алғашқы гүлдейтін өсімдіктері» тақырыбында дәріс сабақ өткізді.
🌸 Ғылыми қызметкерлер оқушыларды ұлттық парк аумағында алғаш гүлдейтін өсімдіктермен таныстырып, өлкеміздің табиғатын сақтауға, жаңа өсімдіктерді танып білуге, жоғалып бара жатқан өсімдік түрлерін қорғауға шақырды.
🌸Қатысушылар саны - 30 оқушы.
🖊️Аға ғылыми қызметкер: А.Шәріпқанова.
- Толығырақ
Сәуір айының 22-сі күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері «Парктер шеруі - 2025» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында Үржар ауылының « Абай атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің 8-сынып оқушыларына (жалпы саны-41) «22-сәуір Халықаралық Жер күні» тақырыбында дәріс-сабақ өткізді.
Дәріс сабақ барысында ғылыми қызметкерлер бұл күннің маңыздылығын туралы ақпарат беріп, оқушыларға табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бүктеме қағаздарын таратты. Дәріс сабақ соңында оқушылар қоршаған ортаны қорғау тақырыбында постер қорғап, өз ойларымен бөлісті
- Толығырақ
Ағымдағы жылдың сәуір айының 22- күні «Тарбағатай», мемлекеттік ұлттық табиғи паркі РММ-ң қызметкерлерімен Үржар ауданына қарасты Ақжар ауылдық округіінің қызметкерлерімен бірлесіп 0,3 тоннадан астам қоқыс жиналды.
Бұл құрғаған бұталар, қыс мезгілінен кейін құлаған ағаштар, тұрмыстық қалдықтар, түскен жапырақтар мен балшық шөгінділері. Іс-шараға 20-дан аса астам адам қатысып 1 техника жұмылдырылды.
Мұндай акциялар бірегей экожүйелерді сақтауға және қоршаған ортаның ластануын болдырмауға бағытталған. Естеріңізге сала кетейік, «Таза аймақ» акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылды.
Алдағы уақытта барлық қазақстандықтарды экологиялық бастамаларға белсенді түрде қатысуға және қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосуға шақырады.
Рекреация және туризм жөніндегі инженер: Д.Тоқтасынұлы.
- Толығырақ
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізу жөніндегі тапсырмасы аясында және «ТазаLIKE», «Парктер шеруі-2025» акцияларының жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың сәуір айының 18-і күні «Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы жүргізілді. Бұл бастамаға Үржар ауданының әкімдігімен ауылдық округтардың әкімдіктері және мемлекеттік мекемелер белсене қатысты.
Ағаш отырғызу күніне орай Ұлттық парктің демеушілігімен 1000 дана терек көшеттері Үржар ауылының «Балалар саябағы», «Орталық спорт алаңы» маңында отырғызылды. Іс-шараның негізгі мақсаты - экологиялық мәдениет деңгейін арттыру, орманды жаңғырту идеясын қолдауға жұртшылықтың назарын аудару, қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігі болып табылады.
Табиғат сұлулығы мен таза ауаның кілті - ағаштар. Осы тұрғыдан алғанда, аталмыш шараның ұйымдастырылуы аймақтағы экологияны одан әрі жақсартуға,елді-мекендерді көгалдандыруға ықпал етеді.
Барлық қатысушылардың саны - 300 адам.
Орман патолог инженері – Тұяқбаев Нұрлан.
- Толығырақ
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері 2025 жылдың 17 сәуір күні, Мақаншы ауданының білім бөлімімен бірлесіп, Мақаншы ауданының «Сейфуллин атындағы орта мектеп – бақшасы» КММ-нің, «Бауыржан Жүнісов атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің, «Найманбай атындағы орта мектебі» КММ-нің және «Мақаншы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің биология, география, тарих пәндерінің ұстаздарына «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми-зерттеу нәтижелерін мектеп бағдарламасында пайдалану» атты семинар өткізді.
Семинар барысында мектеп ұстаздарына «Тарбағатай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылу тарихы, ұлттық парк жұмысын ұйымдастыру негіздері, ұлттық парктің кластерлік аумақтары, өсімдіктер және жануарлар әлемін таныстырып, ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің жұмыс бағыты және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін мектеп бағдарламасында пайдалануға болатындығын және ұлттық паркпен ынтымақтастықтың тиімді тұстарын атап өтіп, бірлесіп атқаруға болатын жұмыстарды талқыға салды.
Семинарға қатысушы ұстаздар ой-пікірлері мен ұсыныстарын да еркін жеткізіп, мектеп пен ұлттық парк арасындағы ынтымақтастықты одан әрі күшейтіп, алдағы уақытта өткізілетін іс-шаралардан қалыс қалмайтындығын айтты. Сондай-ақ, жыл сайын ғылыми қызметкерлермен бірлесіп, оқыту семинарларын және ұлттық парк аумағында ғылыми танымдық экскурсиялар ұйымдастыруды ұсынды. Биология, география, тарих бағытында ғылыми жоба қорғайтын мектеп оқушыларына ғылыми қызметкерлер бағыт-бағдар беріп, қажетті ақпараттармен бөлісе алатындығы жайлы да айтылды.
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры