Орман – табиғаттың маңызды бөлігі, ол климатты реттейді, оттегі өндіреді және биологиялық әртүрлілікті сақтайды. Алайда ормандар түрлі аурулар мен зиянкестердің әсерінен қатты зардап шегеді. Бұл экожүйенің тепе-теңдігін бұзып, орман ресурстарының азаюына әкелуі мүмкін.

Орман аурулары

Ормандарда кездесетін аурулар көбінесе саңырауқұлақтар, бактериялар немесе вирустар арқылы таралады. Ең көп таралған ауру түрлері:

Саңырауқұлақ аурулары: Түбір, сабақ және жапырақ шірінділері – ағаштың өсуіне кедергі келтіреді.

Жапырақ дақтары мен күйіктері: Ағаш жапырақтарының фотосинтезін бұзып, әлсіретуі мүмкін.

Түбір шірігі: Ағашты түбірінен шірітіп, құлатуға дейін алып барады.

 

Зиянкестер

Орман зиянкестері көбінесе жәндіктер болып табылады. Олар ағаштың жапырақтарын, діңін, қабығын немесе түбірін зақымдайды.

Жапырақ жейтін зиянкестер: долана көбелегі, жұпсыз жібек көбелегінің жұлдызқұрттары және шырынсорғыш жәндіктер.

Қабығын тесетін зиянкестер: қабығы арқылы ағаштың ішкі қабаттарына еніп, өсімді әлсіретеді.

 

Күресу жолдары

Орман аурулары мен зиянкестерге қарсы күрес бірнеше бағытта жүргізіледі:

Агротехникалық шаралар: уақтылы орман тазалығы, зиянды ағаштарды кесу.

Биологиялық әдістер: зиянкестердің табиғи жауларын пайдалану.

Биопрепараттар қолдану.

Орман аурулары мен зиянкестері табиғи ресурстарға қауіп төндіреді. Сондықтан орман қорғау шараларын күшейтіп, ғылыми негізделген тәсілдерді қолдану – тұрақты даму мен экологиялық қауіпсіздіктің негізі.

 

1

Авторы: Орман патолог инженері Нұрлан Тұяқбаев

Бұл күні біз әр үйге бейбітшілік пен жақсылық тілегіміз келеді, әр адам жақындарын қорғап, ардагерлерге әрқашан лайықты көңіл бөлініп, әр күніміз бізге тек бақыт әкелсін! Ешқашан соғыс болмасын, ал көгіміздегі аспан әрқашан ашық және таза болсын!

2

▫️08 мамыр күні “Тарбағатай” (зоологиялық) қаумалының мемлекеттік инспекторлары “Парктер шеруі - 2025” Халықаралық тпбиғатты қорғау акциясы аясында Зайсан ауданына қарасты М.Ломоносов орта мектебінің ауласында “Тазалық табалдырықтан басталады!” атты сенбілік жұмыстарын жүргізді.
▫️Сенбілік мақсаты тазалық қана емес, бірлік, еңбек пен салауат, қоршаған ортаны аялау сынды қоғамды ізгілікке бастайтын құндылықтарды қамтитыны белгілі.
▫️Сенбілік жұмыстарына 50 оқушы қатысты.

 1 1 1

️ ️ 🖊️ Мемлекеттік инспектор: М.Манап.

Мемлекет үшін сенімді тірек болып жүргендеріңіз, Отанға деген сүйіспеншіліктеріңіз, антқа адалдықтарыңыз үшін Сіздерге алғыс айтамыз!
Осы мереке сіздерге керемет көңіл-күй мен жарқын эмоциялар сыйласын! Дендеріңіз сау болып, әрқашан жігерлі және берік, ынталы және еңбекқор болуларыңызға тілектеспіз!

1

 

Ізгі тілекпен: “Тарбағатай” МҰТП ұжымы.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері 2025 жылдың 29 сәуір күні, «Парктер шеруі – 2025» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Ұлттық парк аумағында фототұзаққа түсірілген жануарлар» атты дәріс сабақты «Мектеп жанындағы интернаты бар М. Хасенов атындағы Бестерек орта мектеп-бақшасының» 5-7 сынып (жалпы саны 80) оқушыларына өткізіп қайтты. Дәріс сабақ барысында оқушыларға фототұзақ құрылғысын таныстырып, ұлттық парк аумағында орналасқан фоотұзаққа түскен жануарлардың бейнежазбасын көрсетіп, оқушылардың қызығушылығын оятты.

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі

⚪️ 2025 жылдың 28 сәуірінде «Тарбағатай» (зоологиялық) қаумалының мемлекеттік инспекторлары Зайсан ауданына қарасты М.Әуезов атындағы орта мектеп ауласында оқушылардың белсенді қатысуымен тазалық іс-шарасын өткізді.
⚪️ Сенбілікке 9 “А,Б” сыныптан 25 оқушы қатысты.
⚪️ Іс-шараның мақсаты – жас буынның экологиялық сауаттылығын арттыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың маңызын түсіндіру.
⚪️ Табиғатты аялау – болашаққа жасалған маңызды қадам.
🌐 Жер – біздің ортақ үйіміз, оны бірге қорғайық!

1 1 1 1 1 1 1

🖊️ Мемлекеттік инспектор: М.Манап.

Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері Үржар ауылында орналасқан “Арлан” өнер мектебінің орта және ересектер тобымен “Табиғат балалардың көзімен” байқауы мен көрмесін өткізді.
Байқау шарты: “2025 жыл құсы - Жұртшы” жайлы А3 форматты қағазға гуашь пен қылқаламды пайдалана отырып сурет салу болды.
Байқау барысында суреттер алқа мүшелерінің көз алдыларында салынып, артынша көрме өткізілді.
Байқау қорытындысы дәл сол мезетте жарияланды:
Гран при : Елтай Аяулым;
1 орын: Цуканова Валерия;
2 орын : Әбенова Айгерім;
2 орын : Цуканова Дарья;
3 орын : Кеңесқалиева Керемет;
3 орын : Аширова Нұрай.
Марапаттау рәсімі “Парктер шеруі - 2025” Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанатында өтетіні хабарланды.

ЭАРТ бөлім басшысының м.а. Р.Қабсаметов.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95