- Толығырақ
2025 жылдың сәуір айында Абай облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мамандарымен «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторлыры табиғатты қорғау, заң бұзушылықтын алдын алу мақсатында бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Рейдтің басты мақсаты – табиғат қорғау заңнамасының сақталуын бақылау, сирек кездесетін және қорғалатын жануарлар мен өсімдіктер түрлеріне браконьерлік әрекеттердің алдын алу, сондай-ақ орман және дала өрттерінің алдын алу болып табылады. Мұндай шаралар экожүйені сақтау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бағытында маңызды рөл атқарады.
- Толығырақ
Қар бетіндегі жыландар сирек кездесетін, бірақ кейде көктемде байқалатын табиғи құбылыс. Бұл құбылыс, әдетте, жыландар қыстаудан ерте шығып кеткен кезде байқалады.
Ұлттық парктің аумағының үлкендігіне байланысты фенологияның басталуы әр аумақта әр түрлі. Еске салсақ, наурыз айының 8-10 аралығында жауған қардың қалыңдығы 1.5метрге жеткен болатын. Бүгінде ұлттық парктің шығыс бөлігінде қар еріп, ағаштар бүршік атқанда, батыс бөліктегі қар әлі толық ерімесе де, күн күрт жылынып, жер астындағы жылан індерінің температурасының жоғарылауына байланысты бұл аумақта жыландар қысқы ұйқыдан ояна бастады. 2025 жылдың сәуір айының 15 жұлдызында «Қарабұйрат» орманшылығының мемлекеттік инспекторы А.Сүлейменовтың айтуынша бір мезетте қар бетінен 9 жыланды кездестірген.
Сол сәтте жыландар өте әлсіз болды деседі, себебі олар әлі толық белсенділікке көшпеген. Олар шабуылдамайды, керісінше қар бетінен құрғақ жерге жорғалауға ассыққан.
Алдағы уақытта далада немесе орманда қар бетінде жыландарды көрсеңіз, оларды мазаламаған дұрыс.
🖊️Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі
📷 А.Сүлейменов
- Толығырақ
Ұлттық парктің аңшылықтанушысы Е.Кулетбаев пен ғылыми қызметкерлер 2025 жылдың 16-шы сәуірі күні «Жансүгіров орта мектебі» КММ-нің 4-сынып оқушыларына «Тарбағатай» МҰТП аумағында кездесетін қоңыр аю” атты тақырыпта дәріс сабақ өткізді.
Дәріс сабақ барысында оқушыларды қоңыр аюдың биологиялық ерекшеліктерімен таныстырып, қоңыр аю жайлы қызықты ақпаратпен бөлісіп қана қоймай, аюлардың ішінде Қазақстанның қызыл кітабына енген түрі Тянь-Шань қоңыр аюы екендігін атап өтті.
Сондай- ақ, фототұзақтар мен қашықтан бақылау құрылғысының көмегімен түсірілген бейнежазбаны көрсетіп, оқушылардың қызығушылығын оятты.
Аңшылықтанушы Е.Кулетбаев.
- Толығырақ
2025 жылдың 15-ші сәуірі күні "Тарбағатай" МҰТП-нің Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторлары “Парктер шеруі - 2025” Халықаралық табиғатты қорғау акциясы мен “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасының жоспарына сәйкес ЕҚТА аумағында "Тазалық - тал бесік!" атты экологиялық сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Бұл шара ұлттық парк аумағының санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.
Сенбілікті Бестерек ауылының "Мектеп жанындағы интернаты бар Мешітбай Қасенов атындағы Бестерек орта мектеп-бақшасы" КММ-сінің 7 сынып оқушыларын қосқанда 16 адам өткізді. Нәтижесінде 1 га жерден 0,07 тонна қоқыс қоқыс полигонына шығарылды.
Ұлттық паркімізде тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Үржар орманшылық басшысының көмекшісі: М.Аманғазы.
- Толығырақ
Ұлттық парк аумағынада жыландар қысқы ұйқыдан оянып, белсенді өмірге қайта оралады. Күн жылына бастағаннан кейін олар күнге қыздырыну үшін жер бетіне шықты. Бұл кезеңде жыландардың жұптасу уақыты да басталады. Әсіресе наурыз–мамыр айларында оларды жиі кездестіруге болады.
Көктемде жыландардың белсенділігі күрт артады. Бұл табиғи құбылыс олардың биологиялық циклымен тығыз байланысты. Жыландардың көктемгі белсенділіктің басты ерекшеліктері:
1. Қысқы ұйқыдан ояну
2. Күнге қыздырыну
3. Жұптасу кезеңі
4. Қоректену
5. Мекенін ауыстыру
🖊️Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі
📷Мемлекеттік инспекторлар
- Толығырақ
ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Абай облысы бойынша өрт қауіпті маусым ашылды, бұл орман өрттері қаупінің артуына байланысты орман шаруашылықтары үшін Жылдың ең маңызды кезеңі болып табылады.
Қазіргі уақытта ормандарда ылғалдың жетіспеушілігінен өрт тез таралып, жанудың кең ошақтарын тудыруы мүмкін.
Ерте-көктемгі күндерден бастап табиғатты қорғау мекемелерінің қызметкерлері орман қауіпсіздігіне ерекше назар аударады және мемлекеттік орман қоры аумағында өрттің алдын алу бойынша мынадай іс-шараларды белсенді жүргізеді:
- өрттің алдын алу;
- өрттің алдын алу және бақылау;
- жергілікті тұрғындарды ақпараттандыру;
- күштер мен құралдарды толық жұмылдыру.
Мұндай іс - шаралардың басты мақсаты - орман өрттерінің таралуын азайту, табиғатты, экожүйелерді және адамдардың өмірін қорғау.
Табиғи ресурстардың жоғалуын болдырмау, сондай-ақ ірі орман өрттері кезінде туындауы мүмкін экологиялық апаттардың алдын алу маңызды.
Ауа райының ерте жылуы өсімдіктердің кептірілген бөліктерінің оңай тұтануына ықпал етеді. Мұндай жағдайларда сөндірілмеген оттар, тасталған темекі тұқылы, өртті абайсыз пайдалану бүкіл экожүйелердің өліміне әкелуі мүмкін.
Табиғаттың сақталуы - адамның жауапкершілігі.
Өз іс-әрекеттеріңізде абай болып, сақтық танытыңыз!
- Толығырақ
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры