Абай облысы, Үржар ауданы «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ-нің 8-11 сыныптардан 151 оқушы мен 23 мектеп қызметкерлері «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында “Табиғатты аялайық!" тақырыбында экологиялық сенбілік өткізді.

Сенбіліктің мақсаты: оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту, сондай-ақ табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге және мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру болды.

Экологиялық акцияға ұлттық парктен Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкері Р.Корпешов қатысты.  Қатысушылардың жалпы саны – 175 адамды құраған.

Экскурсия жетекшісі Эльдар Баженов.

Қоңыр аю - аюлар тұқымдасына және жыртқыш сүтқоректілер қатарына жатады.  Жаратылыстану-ғылыми негіздеме бойынша ұлттық парк аумағындағы кездесетін қоңыр аю – Тянь-шань қоңыр аюы деп белгіленген. Ұлттық парк аумағында қоңыр аю таулы аймақтарда кездеседі. Қоңыр аюдың ізі анықталған аумақтарда орнатылған фототұзақтардан күтілген нәтижелер алынды. Қалың ағашты, шөпті аумақтарда жазғы және қысқы жатақтары табылды. Тарбағатайда аю наурыздың соңы – сәуірдің басында қысқы ұйқыдан оянады. Маршруттарда аюдың әрекетінен ашылған құмырсқа илеулері мен төңкерілген тастар жиі байқалды.

Негізгі азықтары: алма, жабайы таңқурай, қойбүлдірген, қара және қызыл итмұрын, жәндіктердің дернәсілдері мен ағаш қабықтары. Көктемде суырларды алмақ болған орындар бақыланды (Әлемді шатқалында аю әсерінен қопарылған суыр індері бақыланды).

Көктемгі кезде аюдың алғашқы кездесуі күнбағысты және жүгері алқаптар болып табылды. Ал, ұйқыға кетуі қазан айының соңы мен қараша айының соңы аралығы.

Сипатына келер болсақ, қоңыр аюдың сыртқы көлемі және түсі өте ауыспалы болып кездеседі. Өте ашық түсті жүні, қысқа тұмсығы және ақшыл тырнақтары бар салыстырмалы түрде кішкентай қоңыр аюлар да және  қара қоңыр жүні, айтарлықтай ұзартылған тұмсығы және үлкенірек өлшемдері бар қоңыр аюлар да кездеседі.

Назарларыңызға қоңыр аю туралы қызықты деректерді ұсынамыз:

  • Қоңыр аю жиі жыртқыш деп саналғанына қарамастан, бұл мүлдем дұрыс емес. Оның қорегінің төрттен үш бөлігі өсімдік тағамдарынан тұрады.
  • Қоңыр аюлар қысқы ұйқыға дейін шамамен 200 кг май қорын жинайды.
  • Қоңыр аю ені 5-7 шақырымға жететін өзендерді жүзіп өте алады.
  • Олар төмен түскеннен әлдеқайда жылдам жоғары көтеріледі, өйткені олардың артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзынырақ.

1– сурет. Ұлттық парк аумағында орнатылған фототұзақ мәліметі.

Авторы: «Тарбағатай» МҰТП аңшылықтанушысы Берік Нұршайықов.

112

Қазіргі уақытта Ұлттық парктің аумағында мекендейтін Алтай суыры (Marmota baibacina) қысқы ұйқыдан оянып, жаңа ін қаза бастады. Наурыз-сәуір айларында шағылысып, буаздық мерзімі 40 тәулікке созылып,  мамырдың басында аналығы 5-6 ұрпағын дүниеге әкеледі, суырдың балалары інінен маусымның аяғында шығады. Күшіктері алғашында тек ана сүтімен қоректенеді де, 40 күннен кейін жер бетіне шығып, шөп жей бастайды. 

Суырлар  індерін су баспайтын тау беткейлерінде орналастырады. Суыр інін жеке де, топтасып та қазады.

Суырлар нәрлі шөптесін өсімдіктермен, дәндерімен қоректенеді. Сонымен қатар, құрт-құмырсқа, кейде құстардың балапанымен де азықтанады.

Тамыз айының соңы мен қыркүйек айының орта кезінің аралығында денесіне қор ретінде май жинайды да қайтадан қысқы ұйқыға кетеді.

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.

123

Сәуір айының 5-і күні ұлттық парк директоры А.Серкебаевтың бастамасымен мемлекеттік инспекторлар мен қызметкерлер «Парктер шеруі – 2024» экологиялық акциясының шеңберінде аудан орталығы - Үржар ауылында ауқымды сенбілік жұмыстарын жүргізді.

Себебі, табиғат зиянды қалдықтардан өздігінен тазалана алмайды. Адамдар күн сайын жол бойына лақтырып тастаған пластмасса құтылар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей жатып, жер қойнын ластап, «жегі құртша» топырақ құнарын жеп жатады.

Сенбілік нәтижесінде ауыл іші адамзаттың әсерінен шашылған қоқыстардан тазартылды.  400 кг қоқыс ұлттық парктің МТЗ-80 техникасымен қоқыс полигонына шығарылды. Сенбілікке жалпы саны 80 адам қатысты.

Салауатты өмір салты мен ерік-жігерді шыңдауға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бұл шара одан әрі қолдауын табады деген сенімдеміз!

 

Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.

ap

Ұлттық парктің аумағына Сұңқылдақ аққулар (Cygnus cygnus) қайта оралды.  Бұл құс II санат саны азайып бара жатқан түр ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Ұлттық парктің аумағынан көктемгі және күзгі ұшып өту кезінде кездестіруге болады. Салмағы 7-ден 10 кг-ға дейін, кейде одан да көп болуы мүмкін. Сұңқылдақ аққудың денесі ұзынырақ, мойынның ұзындығы дененің ұзындығына тең келеді де аяқтары қысқа болады. Тұмсығының түсі сары, ұшы қара. Қауырсыны аппақ, ал балапандарының  түсі сұр болады.  Аққулардың таза ақ түсі өмірінің үшінші жылында ғана пайда болады. Қоразы мен мекиені бір-бірінен іс жүзінде ерекшеленбейді. Суда жүзгенде мойны иіліп,  латын әліпбиіндегі S әрпіне ұқсайды.

🖊️📷Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі

12

   Бүгін, 04-ші сәуір күні Ұлттық парк инспекторлары М.Құрманғалиев, Б.Шөшеков, М.Абсалямов өз айналымдарында Қаратұма орта мектебінің оқушыларымен және қызметкерлерімен бірлесіп, «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында алғашқы сенбілік жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке қатысушылар саны – 76 адамды құрады.

  Экологиялық сенбіліктің мақсаты - өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру, жастардың туған жерге деген зор махаббатын және өлкеміздің таза, әдемі болуына, гүлденуіне, көркейуіне талпыныстарын арттыруға бет бұруларына ықпал ету.

   Қоршаған ортаны тазарту мақсатындағы осындай сенбілік жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

           Рекреация және туризм жөніндегі инженер Ринат Қабсаметов.

12345

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95