18 мамыр - Халықаралық мұражай күні. Осы мерекеге орай, 16-мамыр күні «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде ЭАРТ бөлімінің ұйымдастыруымен Үржар аудандық тарихи өлкетану музейінде мектеп оқушылары арасында «Жас ақындар үнімен, Табиғатты қорғайық бүгіннен!» атты ақындар байқауы өтті.

Байқауға қойылған талап: Ұлттық парк учаскелеріне қарасты: Тарбағатай тауы жайында өлең шығару болатын.

Мақсатымыз: Жас ақындардың сөз байлығын дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру, туған жерінің табиғатына  деген сүйіспеншілігін ояту.

Құрамы 3 адамнан тұратын қазылар алқасы ақындардың өлеңдеріне төрелік етті:

Бас жүлде – Момышұлы ОМ 6 «А»-сынып оқушысы А.Болат;

1 орын – Тасбұлақ ОМ 8-сынып оқушысы А.Серікбек;

2 орын – Тасбұлақ ОМ 8-сынып оқушысы Г.Қуанова;

2 орын – Момышұлы ОМ 6 «В»-сынып оқушысы Д.Ошанова;

3 орын – Тұрлыханов ОМ 6 «А»-сынып оқушысы Е.Алдажар;

3 орын – Тұрлыханов ОМ 6 «А»-сынып оқушысы Ә.Турусбекова;

3 орын – Тұрлыханов ОМ 6 «А»-сынып оқушысы С.Сіламхан.

               Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанатында өтеді.

Экскурсия жетекшісі Эльдар Баженов.

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері экскурсия жетекшісімен және мемлекеттік инспекторлармен бірлесіп,  2024 жылдың 15 мамыр күні «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ-сі 10-сынып оқушыларын «Әлет алма бағы» аумағына ғылыми экскурсия өткізді.

Ғылыми экскурсиялық жұмыс барысында: Ғылыми қызметкерлер  оқушыларға ұлттық парктің жұмыс барысымен таныстырды. Ал оқушылар мәдени алма ағаштарының жаппай гүлдеуіне куә болып қайтты.

ҒАЭМ бөлімі.

Қазақстанда бұрын кең таралған, бүгінде саны бірте-бірте азайып бара жатқан түр. Дене тұрқы 1,8 м-дей, салмағы 11 килограмға дейін жетеді Қанатының ұзындығы – 64-77 см, тұмсығы – 30-45 см. Тұмсығы үлкен, қатты әрі ұзын. Аталығы  мекиендеріне қарағанда ірірек, салмағы 13 кг-ға дейін жетеді. Саны аз құс болғандықтан «Қызыл кітапқа» енгізілген. 

Жыныстық жағынан 3-4 жасында жетіледі. Әдетте жылына 1-3 жұмыртқадан сәуір-мамыр айларында салады. Ұясын қамыстардың  арасына  жасайды. Жұмыртқаларды әтеші де, мекиені де басады. Балапандар 33-39 күнде жарып шығады. Алғашында олар түксіз болады, алайда көп ұзамай қарақоңыр мамығы өседі. 2-2,5 айдан соң қауырсындана бастайды. 

Ұлттық парктің аумағында қызғылт бірқазандарды тек ұшып қону кезінде ғана кездестіруге болады.

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің

кіші ғылыми қызметкері:  Ә.Қаирбекова,

Аңшы биолог: А.Рахимбеков.

10 мамыр күні Үштөбе мастерлік учаскесінің мемлекеттік инспекторлары «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын өткізді. Ұлттық парк территориясында орналасқан Ақтам және Есентай бұлақтарының көзін ашып, маңайына қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Жалпы акцияның мақсаты — табиғатты таза ұстап, келешек ұрпаққа сақтау. Барлық жерлестеріміз бен жастарымызды туған еліміздің тазалығын сақтауға және осындай экологиялық іс-шараларға үнемі қатысуға шақырамыз!

Экскурсия жетекшісі Р.Корпешов.

1 2 3 4 5

Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы – осы мерекенің жемісі. Сондықтан да, халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да күрескен жандардың барлығы айрықша құрметке ие! 

Осынау мерекеде барлықтарыңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын, әр үйге тыныштық, тек бейбіт күндер мен жағымды жаңалықтар тілейміз!

Құрметті ардагерлерге бейбіт өміріміз бен бақытты күндеріміз үшін алғысымызды білдіреміз! Ұлы Жеңіс Күні құтты болсын!

Шын пейілді құрметпен: «Тарбағатай» ұлттық паркі ұжымы.

1

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95