Қырғауылдар тұқымдасына жататын қарапайым құс. Басы кішкентай және тұмсығы қысқа салыстырмалы түрде үлкен құс. Қоразы ірі, түсі қара, қанатынан қиғаш орналасқан ақ жолақ айқын байқалады. Құйрығының қауырсыны сыртына қарай қайырылып орналасады. Олардың ұзындығы 49-58 см, салмағы 1,0-1,4 кг, ал аналықтардың ұқсас көрсеткіштері сәйкесінше 40-45 см және 0,7-1,0 кг. Мекиені қара шұбар келеді.

Бүгін, яғни 2024 жылдың 29 қаңтары күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторларына «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында сұрақ-жауап әдісімен үлкен жиналыс өтті. Себебі, Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

47 айналымның орман шебері О.Қасенов пен мемлекеттік инспекторлары Б.Сәрсебаев, А.Шидербаев, М.Қонаев, Е.Есімбаев қытымыр қыс мезгілінде өздеріне қарасты учаскеде жабайы жануарлардың өмiр сүру жағдайларын жақсартуға, оларды қорғауға және санын арттыруға, азықтық және қорғау жағдайларын жақсартуға бағытталған iс-шаралар жүргізді.

Ұлттық парктің баспасөз қызметі.

21 қаңтар күні «Тарбағатай» (зоологиялық) қаумалының мемлекеттік инспекторлары «ОХОТЗООПРОМ» өндірістік бірлестігі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ШҚО бойынша қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізді. Рейд барысында аумақта ешқандай құқық бұзушылық орын алған жоқ.

18 қаңтарда "Тарбағатай" МҰТП" РММ-нің мемлекеттік инспекторы Гергенрейдер Екатерина 1-2 сынып оқушыларына арналған "Біздің өлкемізде қыстайтын құстар!» атты тақырыпта семинар сабағын өткізді.

Мақсаты:

✓Балалардың қыстайтын құстар туралы білімдерін кеңейту және жандандыру;

✓Туған жердің табиғатына және оның мекендеушілеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу;

✓Оқушылардың қыстайтын құстардың алуан түрлілігі және оларға көмектесу туралы білімдерін жүйелеу және байыту.

«Тарбағатай» (зоологиялық) қаумалының орман шебері Аманғазин Думан мен мемлекеттік инспекторлары Бұлғынбаев Жанатбек, Рашидов Арман, Құрманқожанов Сандыбат,  Алпысов Нұрлан,  Базилов Мұхтар ұлттық парк территориясында орналасқан шаруа қожалықтарын аралап, өрт қауіпсіздігі мен тазалық сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Ұлттық парктің баспасөз қызметі.

111111

Маубас жапалақ ( Otus scops) —жапалақ тәрізділер  отрядына жататын кішкентай құс. Дене мөлшері 19-21 см, салмағы 60-130 г, қанаттарының ұзындығы 50 см-ге дейін.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95