Ұлттық парктің омыртқалы жануарлар фаунасы да бай. Фаунаның 376 түрі кездеседі, оның ішінде балықтың 19 түрі, қосмекенділердің  2  түрі, бауырымен жорғалаушылардың 23 түрі, құстардың 272 түрі, сүтқоректілердің 60 түрі мемлекет қамқорлығына алынды. Мемлекет аумағында сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлардың 40 түрі, яғни бауырымен жорғалаушы 1, құстардың 33 түрі және сүтқоректілердің 6 түрі парктің қорғауында.

Баспасөз хатшысы Ә.Көбенова.

Қазан айының 26-сы, 27-сі, 30-ы күндері «Тарбағатай» МҰТП» РММ-нің заңгері Н.Дүйсекенов пен орманшылық басшысы Қ.Шәріпқанов мемлекеттік инспекторларды желтоқсан айында өтетін аттестацияға дайындап, ЕҚТА Заңы, ҚР Орман кодексі, өз қызметін орындау үрдісі барысында ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы, ҚР Қылмыстық, Әкімшілік кодексі, әкімшілік практиканы жүргізу бойынша оқыту іс-шараларын өткізді және лауазымдық нұсқамаларына еңгізілген толықтырулармен таныстырды.

Баспасөз қызметі.

28.10 1


▪️Бүгін Қарағандыдағы Костенко шахтасында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 32-ге жеткен.
▪️Құтқарушылар іздеу жұмыстарын әлі де жүргізіп жатыр.
▪️«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұжымы қаза тапқан адамдардың отбасыларына қайғыра көңіл айтады.

28.10

1 орын «Абылайхан атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің 7А сынып оқушысы Балтабекова Диана;

2 орын «Абай атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің 7 Б сынып оқушысы Ерзатқызы Кәусар;

3 орын «Б.Сахариев атындағы Бақты орта мектеп-бақша» КММ-нің оқушысы Серікбай Расул.

ҒАЭМ бөлімі.

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкері Садакова Баян Дүйсекқызы Республика күніне орай Үржар ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Құрметті жерлестер! «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Сіздерді Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!

Бүгінгі «Тарбағатай» мемелекеттік ұлттық паркі» республикалық мемелекеттік мекемесінің 5 жылдық мерей тойына арналған  «Ел-ырысы – ұлттық парк, жер ырысы-табиғат!» атты салтанатты жиынға ұлттық паркіміздің барлық қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлары қатысты. Сондай-ақ, 5 жыл бойы ұлттық паркімізбен тығыз байланыста келе жатқан мекемелердің басшылары қонаққа келіп, ыстық лебіздерін білдірді.

Жиын барысында мекеме директоры Серкебаев Айдын Серікұлы ұлттық паркіміздің қысқаша тарихына тоқтала кетті. Ал лед-экраннан мемлекеттік инспекторларымыздың жұмыс барыстары көрсетілді. Көптеген әріптестеріміз ОШЖД Комитетінің құрмет грамотасымен, Кәсіподақ ұйымының, Үржар ауданы әкімінің және «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директорының алғыс хаттарымен марапатталды.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95