- Толығырақ
2025 жылдың 20 ақпаны күні Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Превенция басқармасының басшысы Толыбеков Нұржан Нұрлыбекұлы “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлерімен “Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау жұмыстары” бойынша қорытынды кездесу өткізіп, олармен әңгімелесу жүргізді.
Жиналыс барысында ұлттық парк директоры Серкебаев Айдын Серікұлы мемлекеттік инспекторларға ұлттық парк аумағында браконьерлікке қарсы күресті күшейту, орман заңнамасын бұзушылық фактілерінің алдын алу, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) туралы заңның сақталуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Ұлттық парк директорының орынбасары (м.а.), заңгер Дүйсекенов Нұрлан Ақашұлы “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заң мен “Азаматтық қызметшілердің Әдеп кодексін бекіту туралы” кодекс талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.
Қорытындылай келе, мекемеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы пәрменді күрес жүргізу үшін қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және жемқорлыққа жол бермеу маңызды екені атап өтілді.
Баспасөз хатшысы: Ә.Көбенова.
- Толығырақ
Қысқа аяқтарынан қабандардың терең қарда қозғалулары қиын. Сондықтан, қыста қабан топтары тізілген күйде жүреді. Азықтанатын орындарына барғанда және кері қайтқанда өздері салған жолдармен жүруге тырысады. Күндіз олар қарда жататын орындар жасап алып жиі демалады, кеш түскенде азық іздеуге шығады.
Мемлекеттік инспектор: Е.Гергенрейдер.
- Толығырақ
"Таза Қазақстан" экологиялық бағдарламасы аясында ұлттық парктің жосапрына сай өткізілген "Қыстайтын құстарға көмектесеміз!" экологиялық акциясы 2025 жылдың 6-ақпанында бастау алып, 17-ақпаны күні мәресіне жетті.
Акция "Бақты" орманшылығының орман шебері А.Көксегенов пен мемлекеттік инспекторларының Қарабұта орта мектебінің 3 сыныбының қатысуымен аяқталды.
Экологиялық акция ШҚО және Абай облысы бойынша 3 ауданды, 4 орманшылық пен 7 мектепті қамтыды және оған жалпы 170 адам қатысты.
Он күнге созылған экологиялық акцияның экологиялық мәдениетті қалыптастыру, балалардың құстарға деген мінез-құлықтарын, табиғат және оны қорғау туралы білімдерін арттыру, қыстайтын құстардың санын көбейту және сақтау үшін тіршілік ету проблемасына назар аударту жолындағы мақсаттары жүзеге асырылды.
Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова
- Толығырақ
11-ақпан күні “Тарбағатай” (зоологиялық) қаумалының мемлекеттік инспекторлары “Қыстайтын құстарға көмектесеміз!” тақырыбында М.В.Ломоносов атындағы орта мектептің 7-9 сынып оқушыларына семинар сабағын өткізіп, артынша оқушылармен бірге мектеп ауласындағы ағаштарға дайындаған жемсауыттарын іліп, экологиялық акцияға атсалысты.
Мастер леса: Д.Амангазин.
- Толығырақ
Мемлекеттік инспекторлар Б.Бегешев, З.Бегешев, Б.Касенбаев, Б.Чокаев, А.Пугачев Үржар ауданына қарасты "Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы" КММ-сінің 1-8 сыныптың оқушыларымен аталмыш акцияны өткізді. Қатысушылар саны - жалпы 18 адам.
Акция нәтижесінде балалардың бойындағы құстарға деген қызығушылық, мейірімділік және қамқорлық, табиғатқа деген сүйіспеншілік оянып, ынта мен зейіндері қалыптасты деп үміттенеміз!
"Қарабұйрат" орманшылығының басшысы: С.Мұсабеков.
- Толығырақ
"Таза Қазақстан!" экологиялық бағдарламасы шеңберінде жоспарланған "Қыстайтын құстарға қамқор болайық!" экологиялық акциясына "Мақаншы" орманшылығы да атсалысуда. Мемлекеттік инспекторлар Б.Сәрсебаев, М.Құрманғалиев, Е.Бабаханов, Н.Тәңірберген Мақаншы ауданының "Қаратұма орта мектеп-бақшасы" КММ-сінің оқушыларымен аталмыш акцияны өткізді. Экологиялық акцияға 7-сынып оқушыларынан 10 бала, бастауыш сынып оқушыларынан 25 бала қатысты.
Экологиялық акцияны іске асыру барысында біз өз тәжірибемізді балалар күнделікті өмірде пайдаланады деп күтеміз. Аталмыш акция өскелең ұрпаққа үлгі болады!
Мемлекеттік инспектор: Н.Тәңірберген.
- Толығырақ
Ақпан айының 12-сі күні "Тарбағатай" МҰТП-нің "Мақаншы" орманшылығының орманшылық басшысы Асхат Зейнолда мен орманшылық басшысының көмекшісі Ержан Шакировтың ұйымдастыруымен орман шебері Сәкен Қарымсақов пен оған қарасты мемлекеттік инспекторлар Мақаншы ауданының "Көктерек орта мектеп-бақшасы" КММ-сінің 7-10 сынып оқушыларына "Аң аулауға тыйым салынады!" тақырыбында семинар сабақ өткізді. Семинарға жалпы саны - 69 оқушы қатысты.
Семинар сабағымыздың мақсаты: тіршіліктің тұтқасы болған ұшқан құс пен жүгірген аңды келешек ұрпақ үшін сақтау және жас ұрпақтың бойында мейірімділік пен экологиялық тәрбиені қалыптастыру еді.
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» Республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 маусымдағы N382 қаулысымен құрылды. Ұлттық парктің аумағы 143550,5 га. құрайды.
«Тарбағатай» ұлттық паркінің негізгі мақсаты - биологиялық және ландшафттық әртүрлілікті сақтап қалу, арнайы экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар табиғат қорғау мақсаттары үшін мемлекеттік табиғи резервтік қордың бірегей табиғи кешендерін және объектілерін пайдалану болып табылады.
Ұлттық парк омыртқалы жануарлар фаунасына өте бай. Фаунаның 376 түрі кездеседі, оның ішінде балықтың 19 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 23 түрі, құстардың 272 түрі, сүтқоректілердің 60 түрі мемлекет қамқорлығына алынды.
Мемлекет аумағында сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлардың 40 түрі, яғни бауырымен жорғалаушы 1, құстардың 33 түрі және сүтқоректілердің 6 түрі парктің қорғауында.
«Тарбағатай» МҰТП аумағында аңшылыққа тыйым салынғандықтан, аңшылық шаруашылығы субъектілері орналаспаған. Сол себепті, аң-құс атқан адамдар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiнің 337-бабына сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады.
Семинар сабақты өткізуге және де балалардың ұлттық паркіміз туралы деректермен сусындауына ықпал еткен "Көктерек орта мектеп-бақшасы" КММ-сінің директоры Барлыханова Найля Әмірхамзақызына "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің атынан алғыс білдіреміз!
"Мақаншы" орманшылығының орманшылық басшысы:
Асхат Зейнолда.

Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры












