02-қыркүйек күні ұлттық паркіміз жол талғамайтын, екі УАЗ профи пикап автокөлігін қабылдап алды. Аталмыш көлік өрт сөндіру құрал-жабдықтарымен толық қамтамасыз етілген. Су сыйымдылығы – 500 л. Өрт сөндіру командасы – 5 адамдық.

Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің экскурсия жетекшісі Э.Баженов Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай ауданымыздың жан-жақты дамуына қосып келе жатқан зор үлесі үшін Үржар ауданы әкімінің м.а. А.Башимбаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Әріптесіміздің алдағы уақытта да биік шыңдардан көрінетініне сенімдіміз!

2023 жылдың 21-24 тамызы аралығында Алматы қаласында  Жерді қашықтықтан зондтаудың заманауи технологияларын пайдалана отырып, орман өрттерін анықтау мен мониторингтеуге арналған семинар өтті. Семинарға Қазақстанның қорғалатын табиғи аумақтары мен орман шаруашылықтарының ормандарды қорғау және қалпына келтіру жөніндегі 50-ден астам инженерлері, орманшылары мен орман шеберлері қатысты.

25-тамыз күні Абай облысы Үржар ауданы Ішкі саясат бөлімінің тапсырмасы бойынша аудандық кітапханада Сот басшысының бірінші орынбасары Р.Т.Тоқбергеновтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер» жобасы аясындағы кездесу өтті. Семинар-тренингке ЭАРТ, ТКОӨТП және ТКОҚ бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Аталмыш аймаққа жауапты мемлекеттік инспекторлар Ф.Хикматалимов, С.Токушев, Қ.Диқанбаев, Ә.Көксегенов пен орман шебері А.Аукенов ұлттық паркіміздегі туризмнің дамуына өз үлестерін қосып, ерікті түрде маршрут бойына орнатылған шлагбаум, күрке, дәретхана, аншлаг, ақпараттық тақта, бағыттауыштар мен маршрут картасына сырлау жұмыстарын жүргізіп, қайта қалпына келтірді. 

Тамыз айының 23-і күні «Әлет» туристік маршрутына ЭАРТ, ТКОӨТП бөлімдерінің қызметкерлері мен сол мастерлік учаскенің мемлекеттік инспекторлары бірлесіп, сенбілік жұмыстарын жүргізіп, ретке келтірді.

Жиналған қоқыстар МТЗ-82 тракторымен қоқыс полигонына шығарылды.

Біз әрдайым БАҚ арқылы да, үнпарақтар таратып та экологиялық мәдениет туралы дабыл қағып, халықты құлағдар етіп отырамыз. Осының арқасында халықтың экологиялық сана-сезімі өсіп, көтерілетіндігінен үміт үзбейміз.

Бүгін «Хабар» агенттігі» АҚ орындаушы продюссері мен мамандары ұлттық парк директоры Айдын Серікұлымен кездесті.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95