Тиінтәрізділер тұқымдасына жататын Алтай суыры немесе Сұр суыр (Marmota baibacina) жыл 12 айдың 7 айын ұйқымен өткізеді. Қысқы ұйқыдан оянған суырлар алдымен жаңа ін қаза басайды.  Жазық аймақтарда мекендейтін суырлар таңертең және кешкі уақыттарда белсенді болса, таулы аймақта мекендейтін суырлар түнгі уақытта қорек іздеп шығады.

«Семей орманы» МОТР-нда орын алған тілсіз жаумен күресте қаза тапқан орманшылардың отбасылары мен жақындарына «Тарбағатай» ұлттық паркі ұжымы қайғыра көңіл айтамыз.

Бүгін, маусым айының 10-шы жұлдызы күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері Алакөл көліне жол тартты.

Құтты мекенімізге келген Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Мейрамбекұлының «ALAKOL❤LOVE» resort hotel-інде демалыс орындарының иелерімен (кәсіпкерлермен) өткен жиналысына қатысты.

Жиналыс барысында ұлттық паркіміздегі туризм саласын жарнамалау мақсатында презентация көрсетіліп, 3D карта арқылы туристік маршруттардың бойындағы тарихи-мәдени ескерткіштер туралы ақпараттар айтылып, брощюралар таратылды.

Жиналыс қатысушылардың қызығушылық танытып, сұрақ-жауап алмасуларымен аяқталды.

Нәтижесінде көл бойындағы демалыс орындарының иелерімен байланыс орнатып,  турист тарту шешілді.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің  құндылығы- Сиверс алмасы.Парк аумағындағы, ерекше көңіл бөлініп, бүгінгі күні әлемге әйгілі болып отырған генетикалық қор түрінің бірі - Сиверс алма (Malus sieversii) ағашы. Алма ормандары (Malus sieversii) Тарбағатай жотасының оңтүстік беткейінің орталық бөлігінде бұталы белдеуде (1000-1500 м биіктікте) таралған, жекеленген алма ағаштары 1700 м  теңіз деңгейінен жоғары орналасқан. Шығыстың шырайлы жеріндегі Тарбағатай тауы етегіндегі Сиверс алмасы (Malus sieversii)  - тарихтық эндемик түр болып табылады.Сиверс алма ағашы 2-10 м биіктікті, сары тәтті-қышқылтым, шар пішінді, диаметрі орта есеппен 3-4 см жемісі бар өсімдік.Бұл - құрып бара жатқан реликті түр. Жергілікті ежелгі тұрғындардың мәлімдеуі бойынша жарты ғасыр бұрын бұл жабайы алма таудың әр шатқалында өскен екен. Сол уақыттағы көзқараспен, бұл алма ағаштары мәңгілік өсетін табиғат көзі болып көрінген. Заманның ағысына қарай, әр уақытта орны толмас залал келтіріліп, алма ағаштар саны азайып кеткен. Үржар ауданы, Үржар ауылында Тарбағатай МҰТП-құрылу негізі, алма атасы-Сиверс алмасын (Malus sieversii) келешек ұрпаққа сақтап, жойылып кетуінің алдын алу парк қызметінің басты жұмысы, бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.

Бүгінгі күні «Тарбағатай» МҰТП флорасында 1640-қа жуық жоғарғы сатылы өсімдік түрлері бар. Талқыланатын аумақтың өсімдіктері 80 тұқымдасқа және 504 туысқа, оның ішінде  шаңжапырақтәріздес 14 түрі (0,9%), қырықбуынтәріздес (0,2%) 4 түрі, жалаңаштұқымдылардың 6 түрі (0,4%), даражарнақтылардың 334 түрі (20,5%) және қосжарнақтылардың 1269 түрі (78%) бар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің тізбесіне «Тарбағатай» МҰТП флорасының 35 түрі еңген. Бұл өсімдіктердің сиреп кету себептері: орман өрттері, дәрілік өсімдітерді көп мөлшерде жинау, мал жаю және шөп шабу. Осы тізімде барлығымыз білетін таушымылдығы да бар.

Таушымылдық Paeonіa – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Тарбағатай тауының төменгі бөктерінде кең таралған. Биіктігі 40 – 80 см. Тамыры бұтақты әрі жуан, қоңыр түсті, салмағы 5 – 6 кг болады. Бұтақсыз сабағы бірнешеу, олар тік өседі. Ірі гүлі бір-бірден сабағының ұшында жетіледі. Үш-үштен шығатын саусақ салалы жапырақтарының шеті тілімделген, сабаққа кезектесіп орналасады. Хош иісті гүлдері қошқыл, қызыл не қызғылт, қос жынысты, аталығы көп, аналығының саны 1 – 8. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс піседі. Жемісі – жапырақша, тұқымының сырты жылтыр, қара түсті.

Таушымылдықтың тамырында эфир майы, салицин глюкозиді, крахмалтанин және аздаған алколоидтар болады. Халық медицинасында Таушымылдықтың тамырын емдік мақсатта күзде жинайды. Таушымылдықтың тұнбасы тәбет ашады, асқазан сөлінің қышқылын арттырады, астың қорытылуын жақсартады, жүйкені тыныштандырады. 

Арқарлар көбінесе 10-15-тен топталып тіршілік етеді. Ұрғашы арқарларда  жыныстық жетілу өмірінің екінші жылында, ал құлжаларында тек бесінші жылында болады. Арқарды төлімен  оңайлықпен кезіктіру мүмкін емес. Олар  Қазан-қараша айларында  күйлеп, 6 айдан соң аналығы, көбіне, жалқы қозықа табады.   Қозысы алғашқы күннен-ақ енесіне еріп кетеді. Енесі жайылуға кеткен кезде  жас қозысын жасырып тастайды. 

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің басшысы Зарина Тюркер.

Биотехникалық іс-шаралар жануарлардың мекендейтін ортасын қорғау және жақсарту болып табылады. Бұл іс-шара ұлттық парк аумағында жануарлардың белгілі бір түрлерінің немесе топтарының көптігі мен таралуына әсер ету, сондай-ақ жануарлардың фауналық биологиялық әртүрлілігін сақтау немесе көбейту мақсатында жоспарланып, жүзеге асырылады.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95