Құрметті Үржар, Мақаншы аудандарының тұрғындары! Бұл жолы біз заңсыз ағаш кесу мәселесін қозғауды жөн көріп отырмыз. Бұл проблеманың әсіресе жыл соңы жақындап, қыс мезгіліне отындық ағаш дайындау кезінде өзектілігі арта түседі. 2023 жылы аталған мәселе бойынша 1 заңбұзушылық фактісі орын алған. Атап айтқанда: 2023 жылдың 8-маусымында Мақаншы ауданы, Көктал ауылының тұрғыны «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесі аумағына қарасты «Қатынсу» өзенінің орман қорына кіретін ерекше қорғалатын табиғи аумағының 36 - орам 19-  телімінде өсіп тұрған 1,945 куб «ИВА» ағашын заңсыз кесіп өз іс-әрекетімен орман қорына 13 420 тг залал келтіргені және ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 381-1 бабының 3 - бөлігіне сәйкес заң бұзушылық фактісі анықталды. Аталмыш заң бұзушылық бойынша кінәлі адамға хаттама толтырылып, заңсыз ағаш кесу фактісі бойынша қажетті құжаттар жинақталып сотқа жолданған. 2023 жылдың 22-маусымында Сот шешімімен заң бұзушыны кінәлі деп танып, көрсетілген бұзушылықты жасау құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып, 362 250 (үш жүз алпыс екі мың екі жүз елу) теңге айыппұл салынды.

Осы фактіні ескере отырып сіздерді Үржар, Мақаншы аудандары бойынша көрікті де әсем табиғатымызды және табиғи байлықтарымызды (флора, фауна) сақтауға және заңсыз ағаш кесуге сіз бен біз болып жол бермеуге шақырамын.

Еске сала кетсек, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. ӘҚБтК-нің 381-1-бабы бойынша санкция 50 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейінгі айыппұлды көздейді. Ал көп мөлшерде залал келтірілген кезде ҚР ҚК-нің 340-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалады, ол 160 АЕК-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Орындаған:

Үржар орманшылығының басшысы

Шәріпқанов Қуандық Серікұлы.

1

Көп жағдайда орман өрті адамдардың кесірінен туындайды. Ормандағы барлық өрттердің үлкен бөлігі сырттан, яғни егістік алқаптарынан, жол бойынан, өзен жағалауларынан келеді. Орман өрттері теқ қана ормандардың жойылуына ғана емес, сонымен қатар елді мекендерге де қауіп төндіреді. Көктемгі және жазғы-күзгі кезеңде орманда адам саны ең көп болатын уақыт және олардың көпшілігі өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін білмейді. Олар өздерінің қоршаған ортаға ұқыпсыз қарағанының салдарынан, темекі тұқылын немесе сіріңкені өшіруді ұмытып, тастап кететіндіктен және өртті сөндіріп кетуге ерінгеннің себебінен өрт туындайды. Бұның барлығы жаман ниеттен туындамайды, алайда арты қайғылы жағдайларға әкеліп соқтырады.

Орманға демалуға жиналсаңыз өрт қауіпсіздігі ережесін есіңізден шығармағаныңыз абзал!

  • Табиғатта отпен абайсыз әрекет жасауға болмайды.
  • Орманда отты жағар кезде барлық сақтық шараларын қатаң сақтаңыз.
  • Міндетті түрде от жағу орнын дайындап алу керек немесе алдын ала дайындалып қойылған орынды пайдалану қажет.
  • Ағаштардан алыс орналасқан ашық жерді таңдаңыз.
  • Шөпті жай ғана алып тастау керек, бұл жағдайда сіз жердің құнарлы қабатын бүлдірмейсіз.
  • От жағылатын жерден жарты метрден 1-метрге дейінгі радиустағы шөпті жұлып тастаңыз.
  • Отты бір минутта көзден таса қылмаңыз. Арнайы қажеттілікті қажет етпесе, өте жоғары от жағу қажет емес (мысалы, сигнал оты).
  • Оттың, әсіресе, желді ауа-райында мүмкіндігінше аз ұшқыш беретіндігін бақылаңыз.
  • Қатты желде от жағуға болмайтынын айта кетсек, артық болмайды.
  • Өрттен шыққан ұшқын шөптің немесе ағаштардың өртенуіне себеп болуы мүмкін.
  • Оттық ретінде құрғақ жапырақтары бар отын бұтақтарын пайдаланбауға тырысыңыз, себебі өрттен шыққан ұшқындар жай ғана ұшып кетпейді, одантұтас үлкен от бөлінеді.
  • Жақын жерде су бар болса, суды көбірек жинап алған дұрыс болады.

Орманда тыйым салынады:

  • Темекі шоқтарын және сіріңке тастауға;
  • Орманда әртүрлі пиротехникалық бұйымдар: петардалар, бенгал шамдары, шамдар және т.б. қолдануға;
  • Жанармай сіндірілген маталар мен материалдарды қалдыруға;
  • балаларға отпен ойнауға рұқсат беруге;
  • желді ауа райында отты қараусыз қалдыруға.

Тұрақтан кетіп бара жатып...

Өртті сумен бүркеп, топырақ шашып, сақтықпен мұқият сөндіріп кету қажет. Өрттің сіз кеткеннен кейін біраз уақыттан соң қайта жанып кетпейтініне көз жеткізіңіз. Өзіңізден кейін бәрін реттеп, әкелген нәрселеріңізді жинап кетіңіз. Бұл орманның қонақжайлылығы үшін құрмет пен алғыс.

Орманды өрттен қорғаныз! Табиғатты сүйіп, құрметтеңіз, ол сізге ормандар, өзендер мен көлдердің байлығын сыйлайды.

«Тарбағатай» МҰТП орманшылық басшысының көмекшісі:

 Абзал Әукенов.

2 

 

 

Барлық қазақстандықтарды Астана күнімен, бейбітшілік пен келісім астанасының мерекесімен құттықтаймыз! 

Біздің мақтанышымыз, Отанымыздың жүрегі – ару  Астананың жұлдызы әрқашан жарық болсын! Астана – Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың ізгі үміттері ақталып, бақыт жолына бастайтын арман қала.

Алдағы уақытта да Астана қайталанбас келбетімен, көз тартар сұлулығымен және ұшқыр жаңашылдығымен баршамызды қуанта береріне сеніміміз мол.

Мереке құтты болсын, құрметті қазақстандықтар! Туған күніңмен, елордамыз  Астана!

Ізгі тілекпен: «Тарбағатай» МҰТП ұжымы.

1

Өрт- тілсіз апат. Айтып келмейді, оның қай уақытта орын алатынын ешкім болжап біле алмайды. Онымен күресудің ең дұрыс жолы - өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау. Күн күйіп, үстіне ыстық жел ұрып тұрғанда өрттің өршитіні бесенеден белгілі. Онсыз да сусап, қаңсып тұрған ағаш, шөп, өсімдіктердің әп сәтте тұтануына далада жатқан шыны, сынық әйнектердің қызуы, жол бойында автокөліктердің жауапсыз лақтырған өшірілмеген темекі тұқылдары, найзағай, шөп оратын тракторлар мен агрегаттардың жарамды шоқ өшіргішпен жабдықталмауы себеп болып жатады.

          Сондықтан да жергілікті тұрғындарды, халықты табиғат қойнауында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамыз!

«Тарбағатай» МҰТП РММ «Қарабұйрат» орманшылығының мемлекеттік инспекторы Касенбаев Бахитжан.

1

27.06.2024 жылы Карабұйрат орманшылығының мемлекеттік инспекторлары Б.Бегешев, Н.Макаулов, Б.Касенбаев, Р.Оспанов, орман шебері Е.Лауенов жане Уржар АПБ ЖПҚБ УПИ полиция капитаны Н.Кертаевпен бірлескен рейдтік іс-шара жүргізілді. Халықпен өрт қауіпсіздігінің алдын алу жане баска да құқық бузушылықты болдырмау жумыстары жүргізілді. Бірлескен іс-шара барысында заң бұзушылық анықталған жоқ.

Мемлекеттік инспектор Б.Касенбаев.

1 1 1

Аңшылық, аң аулау - ерте заманда атадан балаға үйретіліп қалатын дәстүрдің бірі еді. Сол кездегі күн көрістің бір түрі саналған. Аңшы азамат аң аулау арқылы өз ауылын,  дүйім ел жұртты асыраған.  Ал қазіргі таңда  аңшылық көп жағдайда жеке бастың нәпсіқұмарлығынан туындайтын, болмаса еріккеннің ермегі саналатын кәсіп түріне айналған. Қазір заңсыз аң аулауды мергендік емес, менмендік десе болғандай.

 Заңсыз аңшылық салдарынан жануарлардың көптеген түрлері жойылып кетті, кейбірі жойылу қаупінде тұр, өйткені браконьерлер пайда іздеп биологиялық түрлердің қорғаныш жағдайына немесе аңшылықтың тыйым салынған маусымына назар аудармайды. Браконьерлердің заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде биологиялық түрлердің алуан түрлілігі азайып қана қоймай, жер шарының көптеген аймақтарының экономикалық әл-ауқаты да зардап шегуде.

Тарбағатай тауының қойнауы аң-құс, емдік шөптесін өсімдіктерге өте бай. Солардың біразы "Қызыл кітапқа" енген және ерекше қорғауға алынғандар. Жануарларды  аулау бүгінде заңмен кудаланады. Құқық бұзушы азамат жасаған іс-әрекетіне қарай әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері, мемлекеттік инспекторлар жануарлар дүниесін қорғау мақсатында, заңсыз аң аулаудың  алдын алу үшін  бақылауды күшейтуде. Осылайша, браконьердің жеке басын анықтау үшін  ерекше қорғалатын аумақта  фототұзақтар қойылып, тексерулер жүйелі түрде жүргізілуде. Сондай-ақ, мемлекеттік инспекторлардан жасақталған жедел топ  жұмыс жасайды. Мемлекеттік инспекторлар табиғатты қорғау барысында ішкі істер органдары қызметкерлері және басқада  табиғат қорғау ұйымдарының қызметкерлерімен бірлескен рейдттік іс-шаралар жүргізеді.

Заң талаптарын кейбір құқық бұзушылар білмегендіктен жасадым деп ақталады. Алайда, заңды  білмеген жауапкершіліктен босатылады деген сөз емес. Бірақ осы бағытта жүргізіліп жатқан басқа да жұмыстар аз емес. Үгіт-насихат және басқа да шаралар арқылы қоғамдық санаға әсер ету арқылы ғана экологиялық қылмыстың алдын алуға болады.

Орман шебері-мемлекеттік инспектор: Кендірқанов Бекжан Талғарұлы.

1

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95