Командада 3 адам (бала, әкесі, анасы) ғана болуы керек.

1.  Сәлемдесу;

2. Команданың атауы мен ұраны;

3. Біріңғай киім үлгісі.

04.05.2023 жылы «Нерест – 2023» жедел профилактикалық іс-шаралар барысында «Тарбағатай» МҰТП жедел топ инспекторлары Б.Саудабаев, М.Касенов, М.Жақманов, Н.Макаулов және Абай облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және аңшылық шаруашылығының жедел қимыл отряды» КММ инспекторлары Р.Смағұлов, Е.Қажибаев, А.Бауезов бірлесіп Үржар, Қатынсу, Еміл өзендерінде рейдтік тексеріс жұмыстарын жүргіздік. Рейд барысында ҚР ӘҚБтК 380 бабына сәйкес екі әкімшілік хаттама толтырылды.

Авторы: Орман шебері-мемлекеттік инспектор Берік Саудабаев.

10.05.23 kz 2

Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.

Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз!

10.05.23 kz

Бүгінгі 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын! Таусылмас бақыт, мол ырыздық тілейміз. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз кең, терезелеріңіз тең болсын. Әрқашан да аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын!

Су - Жер бетіндегі маңызды заттардың бірі. Су тіршілік көзі, сусыз өмір жоқ. Судың біздің планетамыздағы тіршілік көзі болып табылуға мүмкіндік беретін, ерекше қасиеттері бар. Қазіргі кезде табиғи сулардың ластану салдарын жою және тазалығын сақтау мәселелері ерекше маңызды болып тұр.

Бүгін, мамыр айының 5-і күні ЭАРТ бөлімінің ұйымдастыруымен ұлттық парк қызметкерлері «Таза өзен, таза жағалау» эко акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты – өзен жағасын тазалау және санитарлық тәртіпті сақтау, сондай-ақ қоршаған ортаға қамқорлық танытуды дәріптеу. Бұл экологиялық акцияны ұйымдастыра отырып, біз Үржар өзендерінің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесімізді қосқымыз келеді. Акция аясында өзен жағасын тазарту жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде пластик, әйнек, қағаз және металл қоқыстарды жиналды. Барлық жиналған 0,2 кг қоқыс арнайы қоқыс полигонына шығарылды. Бұл акцияны біз жыл сайын «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясына міндетті түрде қосып өткіземіз. Акция туған жерімізге пайдасын тигізді. Қоршаған ортаны қорғау – біздің басты міндеттеріміздің бірі.

2021-2023 жылдар аралығына бекітілген жоба негізінде  жәндіктерді зерттеу жұмыстарын  жүргізу үшін  «Зоология институтының аға және кіші ғылыми қызметкерлері Ұлттық парктің аумағына  тағы да ат басын бұрды. Сондай-ақ, 2022 жылы ұлттық парктің аумағында анықталған  бунақденелілерден құралған энтомологиялық жиынтықты  Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөліміне сыйға тартты.

Жазған: Ғылыми қызметкер Айгерім Шәріпқанова.

Мамыр айының 3-ші жұлдызы күні ЭАРТ бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Бұлақ көрсең – көзін аш!» экологиялық акциясы болып өтті. Аталмыш акцияда мемлекеттік инспекторлар, Үржар ауылының "Абылай хан атындағы орта мектеп-бақшасы " КММ-нің тәрбие ісінің меңгерушісі М.Р. Дандыбаеваның жетекшілігімен 6 Б сынып оқушылары, сондай-ақ Науалы ауылының Қ.Төлеубеков орта мектебінің 9 сынып оқушылары білек сыбанып іске кірісті.

Табиғат байлықтарының қымбатты түрлерінің бірі - су. Су - тіршілік көзі, сусыз өмір жоқ. Жалпы планетарлық деңгейде су сарқылмайтын ресурстарға жатады. Қазақта «Бұлақ көрсең – көзін аш» деген сөз бар. Себебі, кәдімгі арналы өзендер, үлкен-үлкен дариялар осындай тұма-бұлақтардан бастау алады. Сондықтан акция барысында бұлақ көздері шөп-шаламнан, қиқым-қоқыстан тазаланды.

Қазіргі заманда сусырап отырған жоқпыз. Бірақ тұщы, мөлдір бұлақ суына жете ме? Даланың аң-құстары да ішіп, рахаттансын! Жалпы, ата-бабамыз әрқашанда табиғатты аялау, құрметтеу деген философиямен өмір сүрген. Бабаларымыз осы тәрбиені, тәлімді аға буынның бойына сіңірді. Енді ең бастысы осындай акциялар арқылы сол тәлім-тәрбиені өскелең ұрпаққа жеткізуіміз өте маңызды.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95