Ұлттық парк аумағында жабайы жануарлардың қысқы санағы аяқталды. Санақты барлық инспекторлық құрам мен ғылым бөлімі бірлесіп откізілді. Парк аумағында 200 шақырымнан астам маршруттық есеп жүргізілді. Алайда ұлттық парк  аумағының бөлшектенуі нақты санауға мүмкіндік бермейді, өйткені жануарлар үнемі бір жерде тұрмайды, маусымдық көші-қон кезінде олардың саны едәуір артады. Жануарлардың санағы қысқы маршруттық есепке алу әдісімен, сондай-ақ таулы аймақтарда фототұзақ құрылғысымен жүргізілді. 2023 жылғы деректерді талдай отырып, жануарлар санының оң динамикасын атап өтуге болады. Оған қыс мезгілінде азықтандыруды қоса алғанда,  жабайы табиғатты қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар айтарлықтай әсер етті. Өткен жылмен салыстырғанда тұяқтылардың 8-9% - ға өсуі байқалады, жануарлардың аштықтан немесе аурудан өлу факторлары байқалмады. Жалпы алғанда, санның көрсеткіштерінің  ауытқуы парк учаскелерінің орналасуын ескере келе қалыпты жағдай болып табылады. Қыста жануарлардың көп бөлігі аз қарлы жерлерге немесе парк аумағынан тыс жерлерге көшеді.

19-сәуір күні «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен ұлттық парктің мұражай-кабинетінің лентасы кесіліп, ашылу салтанаты болып өтті.  Келген қонақтардың ішінде ұлттық парк қызметкерлерін қоса алғанда, Үржар аудандық музейінің директоры С.Туғанов пен Абай облысының кәсіпкерлер палатасының Үржар аудандық филиалының директоры Л.Шиянов, Жастар ресурстық орталығы мен Уақыт тынысы редакциясының қызметкерлері, сондай-ақ Б.Момышұлы орта мектебінің жас орманшылар одағы мен  жетекшісі Ж.Абдирова болды.

Мұражай-кабинеті ішінде қонақтар осы уақытқа дейін өткізілген «Парктер шеруі» акциясына қатысқан балалардың қолөнер еңбектерін көріп, 3Д карта арқылы ұлттық парктің 4 туристік маршруттарымен танысып, көрікті жерлерін тамашалағаннан кейін ұлттық парк директорының м.а. Қ.Сәрсембаев Б.Момышұлы орта мектебінің жас орманшылар одағын және  тәлімгері Ж.Абдированы «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясына белсене атсалысып жүргендері үшін алғыс хатпен марапаттады.

Қaзaқcтaндa бірқазандардың eкi түрi мeкeндeйдi: қызғылт бiрқaзaн (Pelecanus onocrotalus) жәнe бұйрa бiрқaзaн (Pelecanus crispus). Eкeуi дe ҚР Қызыл кiтaбынa eнгiзiлгeн. Бiрқaзaндaрдың жыл мaуcымы бoйыншa қoныc aудaруы нaурыз aйынaн бacтaлып қaзaн aйынa дeйiн жaлғacaды. Бiрқaзaндaрдың дeнe тұрқы 1,8 м, caлмaғы 13 килoгрaмғa дeйiн жeтeдi. Тұмcығы өтe ұзын, төмeнгi жaқ cүйeгiнiң acтындa coзылмaлы тeрi қaпшығы бoлaды. Бұйрa бiрқaзaнның тұмcығының acтындaғы қaпшығы әдeттe aқшыл caры, aл көбeйeр кeздe қызғылт caры бoлaды. Aяқтaры қыcқa, қaнaттaры ұзын (60 – 80 cм) жәнe жaлпaқ, aл қaуырcындaры қызғылт нeмece күмic түcтi бoлып кeлeдi. Бұйрa бiрқaзaнның жeлкe қaуырcыны жaлдaнып, бұйрa кeлeдi.

* «Парктер шеруі-2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясының шеңберінде «Тазалықты өзімізден бастайық!» атты сенбілік ұйымдастырылды.

•  Көктемнің шуақты күндерінен бастау алған ауданымызды қоқыстан тазарту мақсатында ұйымдастырылатын сенбілік жұмыстары басталды. Ауыл тазалығы, оның көркі мен сәні әрбір тұрғынның өз ауласы мен үйінің маңайынан басталады емес пе? Аудан орталығында тұратынымызды көпшілігіміз ұмытып кететін болуымыз керек. Жан-жағыңызға қарасаңыз үй иелерінің жекеменшік баспанасының ауласы мен маңайын абаттандыруға құлықсыздығының, ал көпқабатты пәтерлердің жан-жағына қоқыстарын қалай болса солай лақтыра беретіндігінің куәгері боласыз. Міне, осындай тәртіпсіздікке аудан, ауыл басшылары қатаң шара қолданса деген ойдамыз. Тазалығымен ерекшеленген қандайда бір көрініс жанға жылу береді. Жанымызға рахат, көңілімізге шаттық сыйлайтын тазалақ шараларына алдағы уақытта да белсене қатыссақ, нұр үстіне нұр болар еді.

• Ауылымызды гүлдендіріп, көшелерімізді көркейтеміз десек санитарлық тазалықты өзімізден бастағанымыз жөн болар.

• Туған өлкенің тазалығын қадағалау әрбір тұрғынның азаматтық парызы екенін естен шығармайық!

Автор ЭАРТ бөлім басшысының м.а - Д.Керимтаева.

Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы басталғалы бері іс-шараларды Үржар жастар ресурстық орталығымен және еріктілер тобымен бірлесіп атқаруда.

Семей қаласынан келген Облыстық «Абай жастары» жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры А.Толеуканов Өңірімізде мемлекеттік жастар саясатын дамытуға қосқан үлестері және қоғамдық жұмыста белсенділіктері үшін Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің бөлім басшысының м.а. Д.Керімтаеваны, экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенованы, рекреация және туризм жөніндегі инженер Д.Тоқтасынұлын, экскурсия жетекшілері Э.Баженов пен Н.Абайханды алғыс хатпен марапаттады.

«Парктер шеруі-2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясының шеңберінде «Табиғат - тал бесігің, аялай біл!» атты сенбілік ұйымдастырылды!

Бүгін 13 сәуір Үржар ауданының әкімі Н.Тоқсеитовтың бастамасымен Үржар ауылы бойынша сенбілік өтті. Аталған шараға «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, жергілікті атқарушы ұйымдарының қызметкерлері, мектеп оқушылары және Үржар ауылының тұрғындары қатысты.

Бабалар- табиғатты аялаған,

Малын бағып, бауырын саялаған.

Табиғатты “Анам” деп ардақ тұтып,

Қамқорлығын ешқашан аямаған.

Ауылымызды гүлдендіріп, көшелерімізді көркейтеміз десек, санитарлық тазалықты өзімізден бастағанымыз жөн болар.

Туған өлкенің тазалығын қадағалау әрбір тұрғынның азаматтық парызы екенін естен шығармайық!

Рекреация және туризм инженері - Дәулет Тоқтасынұлы.

Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері Үржар жастар ресурстық орталығымен және еріктілер тобымен бірлесіп, «Болашақ» паркінде «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында өткен «Құстар – біздің досымыз!» байқауына әзірленген құс ұяларын ілді. Іс-шараға Семей қаласынан Облыстық «Абай жастары» жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры А.Толеуканов келіп қатысты.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95