Кекіліктер – тауықтәрізділер отрядына жататын жабайы құс. Салмағы 400 – 500 г. Кекілік – отырықшы құс. Жылдың көп мезгілінде 20-30-дан топтанып жүреді. Ұя басқан кезде ғана екі-екіден бөлініп кетеді. Ұяларын жерге, тастардың арасындағы шұңқыр жерлерге 7-ден 24-ке дейін жұмырқа салып, балапан басып шығарады. Жұмыртқаларын қатар жатқан екі ұяда ұрғашысы мен еркегі де басады. Өсімдік дәндерімен, жерде жүретін ұсақ жәндіктермен қоректенеді.

"Тарбағатай" МҰТП аумағында жабайы жануарлар популяциясын тиімді қорғау үшін инспекторлық құраммен есепке алу жүргізіледі, сондай-ақ көші-қон жолдары мен шоғырланған жерлер қадағаланады. Жануарлардың маусымдық қоныс аударуы жүйелі сипатқа ие, жылына екі рет көктем мен күз мезгілінде өткізіледі. Тарбағатай тауларындағы учаскеде қыс мезгілінде көп қар жауатынын ескерсек, осының негізінде мекендейтін арқарлар қыс мезгілінде азық-түлік базасы қолайлы төменгі учаскелерге түседі. Көктемде маусымның осы уақытында жоталар ашылғаннан кейін жануарлар Тарбағатай тауларына қоныс аудара бастайды. Сондай-ақ қорғалатын аумақтардан тыс көші-қон жолдарында да жануарларды қорғау қамтамасыз етілді. Нәтижесінде мемлекеттік инспекторлардың арқасында арқарлар саны артып келеді.

Зейнеткерлік жас – адам өмірінің мағыналы белесі. Саналы ғұмырын бала-шағасына арнап, еліне қызмет еткен еңбектің зейнетін көретін уақыт. Біз «Үлкенге - құрмет, кішіден - ізет» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп өскен халықпыз.

Байқау шарты:

Балабақшалардың ересектер тобы қатысады

•         «Тарбағатай ұлттық паркінде мекендейтін» 2024 жыл құсы маубас жапалақты А3 форматты қағазға қара қарындашпен сурет салулары керек.

•         Сурет міндетті түрде баланың өз қолымен салынуы керек (бастырылып салынған дайын суреттер жарамайды).

•         Суретті бүктеуге немесе орауға болмайды.

•         Суретті әрлеу үшін скотч және басқа да синтетикалық материалдар

   пайдаланбауларыныңызды өтінеміз!

•           Қатысушы жасалған жұмысымен суретке түсіп Instagram әлеуметтік желісіндегі      жеке парақшасында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің @tarbagatai_2018 парақшасын белгілеп, #Тарбағатайжылқұсы2024 хэштегін көрсетіп салуы керек (сурет астында міндетті түрде қатысушының аты-жөні және тобының аты жазылуы керек).

•           Жасалған жұмыстарды ұлттық табиғи парк мекемесіне 25-29 сәуір аралығында  тапсыру керек. 

Суреттің төменгі бетің  оң жақ бұрышында автордың аты-жөні, мектебі және сыныбы, жұмыстың атауы анық және толық көрсетілуі қажет.

Байқау қорытындысы 30-сәуір күні хабарланады.

ЭАРТБ.

qwer

22-сәуір күні ШҚО, Зайсан ауданында орналасқан «Тарбағатай» (зоологиялық) қаумалының орман шебері Д.Аманғазин мен мемлекеттік инспекторлары «Парктер шеруі - 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы  шеңберінде Зайсан қаласының «М.Әуезовов атындағы орта мектеп» КММ-нде «Ұлттық парктің жануарлар әлемі» атты тақырыпта семинар-брифинг өткізді.

Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі болғандықтан, семинар барысында мемлекеттік инспекторлар қатысушыларға ұлттық парк аумағында кездесетін жануарлардың сан алуандығы мен тіршілігі жайлы қызықты мәліметтер бере отырып, жануарларды қорғауға, оларға қамқорлық жасауға, табиғатты сүюге баулып, ой-өрістерін кеңейте білді.

                    Қатысушылар семинар-брифингте қозғалған қызықты тақырыпқа оң көзқарас танытып, сирек кездесетін жануарлар түрлерін молайту жөніндегі ой-пікірлерін айтып отырды.

Брифингке мектеп оқушылары (саны – 50) мен ұстаздары, жергілікті әкімшілік мамандары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны – 63 адамды құрады.

Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.

1 2 3

«Тарбағатай»  мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері 2024 жылдың 22 сәуір күні,  «Парктер шеруі – 2024» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Халықаралық Жер күні» атты дәріс сабақты «Қ.Игенбайұлы атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-сінің 7-сынып (жалпы саны 14) оқушыларына өткізіп қайтты. 

Дәріс сабақ  барысында оқушыларға  бұл күннің маңыздылығы туралы айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді және оқушылармен топтық жұмыс жасалды.

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.

1 2 3 4 5

22 сәуір күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде Үржар аудан орталығында орналасқан «Ер Төстік» балабақшасының тәрбиеленушілеріне Халықаралық Жер күніне орай «Жер – Ана» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақ барысында ЭАРТ бөлім қызметкерлерінің балабақша тәрбиеленушілеріне арнайы әзірлеген Жер планетасы туралы қазақ тіліндегі мультфильмі көрсетілді. Мультфильмдегі  Жер мен Адам арасындағы диалог пен көріністерден Жер-Ананы сақтап қалу, табиғаттағы тазалық, жан-жануарларға деген қамқорлық атаулы балаларға түсінікті түрде қамтылды.

Ашық сабақ нәтижесінде тәрбиеленушілер Адам табиғаттың бір бөлігі екендігін, табиғатта болатын барлық нәрсе әрқашан адамға әсер ететінін, табиғат адамдарға қолында бар нәрсенің бәрін, азық-түлікті, пайдалы қазбаларды және басқа ресурстарды беретінін түсінді.

Өздері кішкентай бола тұра, тәрбиеші апайларымен бірге табиғатты қорғау сияқты маңызды тақырыпты талқыға сала білгендері бізді қайран қалдырды! Ашық сабақ соңында ұлттық парк қызметкерлері балақайлар өздеріне әзірлеген концерттік бағдарламасын тамашаладық.

Қатысушылар саны – 3 топтан 60 тәрбиеленуші.

Экологиялық ағарту инженері Әсем Көбенова.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95