«Тарбағатай» МҰТП ұжымы аруларды шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, мол табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілейді!
Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын!

Маңырақ – Сауыр мен Тарбағатай тауларының, Зайсан қазаншұңқырымен Шілікті жазығының арасындағы тау. Бұл таудың табиғатының ерекшелігі көршілес аймақтардың табиғатының буданы іспетті. Біз «табиғаты» деп жануарлар әлемі, өсімдіктерін жалпы мағынада алып отырмыз.Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 65-70 км-ге созылып жатыр, енді жері 15-25 км. Биік жері Шөрбас тауы - 2035 м.
Тау неліктен «Маңырақ» деп аталады?
Ертеде жоңғарлардан қашқан қазақ ауылы тау ішінде жасырынуды ұйғарыпты. Алайда биік те тік шатқалға шығу өте қиынға соғады. Әсіресе, бір қой отарға ілесе алмай, қайта-қайта сүрініп, артта қала беріпті. Уақыт тығыз болғандықтан, ақсақ қойды жұртқа тастап кете берген.
Тау етегіне жеткен жау ары-бері шапқылап, көздеріне ештеңе ілінбеген соң кетуге бет бұрады. Сол сәтте қойдың маңырыған дауысын естіп тоқтайды. Олар жұртта қалған қойды тауып алып, сол жерден жақын арада жүріп өткен көш ізімен ауылды тауып алып, тірі жан қалдырмай қырып кеткен. Содан бері тау «Маңырақ» деп аталған екен.

Мемлекеттік инспекторлар Көктерек ауылында өтіп жатқан "Үржар ауданы әкімінің халыққа есеп беру" жиналысына қатысуда.

2013 жылдың 20 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы жұртшылықтың жабайы фауна мен флора мәселелерінде  хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында 3-ші наурызды Дүниежүзілік жабайы табиғат күні деп жариялауға шешім қабылдады (World Wildlife Day).  Бұл оқиға осы шешімді қабылдаған БҰҰ тарихында  айрықша кезең болды. Бұдан былай адам күнтізбесінде жабайы табиғатқа арналған күн бар.
Көптеген адамдар жер шарындағы адамның ғана емес, жануар мен өсімдік болсын, тіпті әрбір тіршілік иесінің маңыздылығы туралы ойланатын болады. Бұл мерекені БАҚ-ның қатысуымен сауатты өткізу қарапайым азаматтар үшін әлем туралы білімнің көкжиегін кеңейтуге, адамдар әлемінен тәуелсіз өмір сүретін жабайы табиғаттың сұлулығын көрсетуге мүмкіндік береді. Ол адамды қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруге үйретеді.

Мемлекеттік инспекторлар Р.Оспанов, Е.Чокаев, Н.Бекболатов ұлттық парктің 15-ші мастерлік айналымына кезекті рейдке шығып, ешқандай заң бұзушылықтар орын алмағанын баяндап, түлкі мен қоян іздерін фотосуретке түсірген.

Мемлекеттік инспекторлар А.Ғабитов, Е.Жұмағұлов және орман шебері-мемлекеттік инспектор Е.Шакиров 40-шы мастерлік айналымда қыстық санақ жүргізіп, биотехния шараларын жасады. Санақ барысында қоян, түлкі іздері анықталған. Сондай-ақ, мемлекеттік инспекторлар қоянның жатқан орнын көріп, фотоға түсірген.

Ұлттық паркке қарасты «Тарбағатай» (зоологиялық) қаумалының мемлекеттік инспекторлары мастерлік айналымдарға күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізіп, аумақта орналасқан шаруа қожалықтарына маңайдың тазалығын сақтау және тауда мекен ететін жабайы аң-құстарға зиян келтірмеулері жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, қол қойдыруда.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95