Кәдімгі тілеміш (Buteorufinus) - сұңқарлар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Денесі  55-тен 65 см-ге дейін, ал қанаттарының ұзындығы 126-155 см-ге дейін жетеді. Ұлттық парктің территорясында кәдімгі тілеміш таулы және ашық ландшафттарда, сонымен қатар далалар мен шөлейттерге дейінгі аралықта мекендейді. Айналаны анық байқау үшін кәдімгі тілеміш  ұясын биік жерлерде салғанды жөн көреді. Сондай-ақ, ағаштары сирек кездесетін аймақтарда ұяларын жерге немесе электр бағанасына салады. Сәуір айының алғашқы жартысында ұяларына 2-5 жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан балапандары ұяда 50 күнге дейін қоректендіреді де, маусым айының соңында ұша бастайды.
Аулауға тыйым салынады.
🖋 Ғылыми қызметкер А.Д. Шәріпқанова
 📷 Профессор, б.ғ.к К.П. Прокопов

29-шы айналымның орман шебері-мемлекеттік инспектор Е.Абдуллин және мемлекеттік инспекторлар А.Шарапиев пен Н.Скаковтың кезекті рейд барысында жабайы жануарлардың іздерін смарт құрылғысына түсіру сәті.
❄ Қар бетінен түлкі, қоян, елік және құстардың іздері анықталған.
 Баспасөз қызметі.

2023 жылдың 30 қаңтар күні сағат 11:00-де ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі ақбөкендерді ғылыми мақсатта алып қою мәселесін түсіндіру бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізетінін хабарлайды.
Спикерлер: ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті,  ҚР БҒМ ҒК «Зоология институты», «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» өкілдері.

Өткізілетін орны: Астана қ., Мәңгілік ел көш.11/1, ММК «Қазгидромет» ғимараты.

Аккредитация 8-708-352-20-57 нөмірі арқылы.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты жабайы тұяқтылар мен қоян тәрізділерді азықтандыру мақсатында "Тарбағатай" МҰТП аумағында биотехникалық іс-шаралар өткізілді. 🎥 🖋 Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімі.

Елбасымыздың «Қазақстан Республикасы мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» ҚР президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 жарлығы жарияланып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілгені мәлім. Соған сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне Әдеп кодексі мен Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже бекітілгені белгілі.

24.01.2023 жылы сағат 9:00-де Үржар ауылының тұрғындарынан Үржар аудандық ауруханасының аумағында елік шыға алмай жүргені туралы хабарлама келіп түсті.  "Тарбағатай" МҰТП қызметкерлері ақпарат ала сала оқиға орнына дереу аттанды. Ұлттық парк қызметкерлері келген кезде жануардың қалың қарға батып, өздігінен қозғала алмай тұрғаны анықталды. Елікті ұстағаннан кейін тексеру жұмыстары жүргізілді. Қорыққан жануар ұрғашы, әрі жас Сібір елігі болып шықты. Жануарды тексеру кезінде ешқандай зақым анықталмады, еліктің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Тексеруден кейін жануар қауіпсіз жерге жеткізіліп, еркіндікке жіберілді.

Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімінің аңшы-биологы Елена Красон.
Фото және видео материалдар автордікі.

44, 45, 47 айналымда орман шебері-мемлекеттік инспектор М.Конаев пен мемлекеттік инспекторлар Б.Сарсебаев, О.Касенов А.Шидербаев, С.Касенов қытымыр қыста жабайы жануарлардың санын арттыружәне олардың өнімділігін, көбею қасиетін жоғарлату үшін биотехниялық іс-шаралар жүргізді.
🖋 Баспасөз хатшысы.
📸 М.Қонаев.

    04.04.23 6

    Серкебаев Айдын Серікұлы

    «Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

    Layer 5851

    Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

    Елтаңба, Ту, Әнұран

    "Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

    screenshot 106

    "Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

    screenshot 95