Құстардың күзде жылы жаққа ұшып, көктемде қайтып оралатынын бәрімізге  белгілі. Олардың жылы жаққа ұшуының басты себебі – тамақ табу. Яғни, қыста тамақ табу қиын болғандықтан, жылы жаққа барып азықтануға тура келеді.

Жыртқыш құстар өздеріне жақындауға сирек мүмкіндік беретіндіктен оларды ажырату қиын. Бірақ қырғиды ажырату қиын емес, оның дене бітімі кішірек. Аналығы мен аталығы өзара да ерекшеленеді, аталығының түсі ашық қызғылт жолақты, көгершіннің пішініндей (аналығынан кішірек), ал аналығы керісінше  сұр, қою қоңыр және ашық түстерге ие, өлшемдері үлкенірек (қарғалардан сәл кіші). Біздің ауданда бұл ұя салатын түр, негізінен елді мекендер шетінен қыста жиі кездестіреміз.

Қырғилар ұсақ кеміргіштермен, қосмекенділермен, бауырымен жорғалаушылармен, ұсақ құстармен, ал балапандары алғашында жәндіктермен қоректенеді. Ұяларын қатаң қорғауымен басқа түрлерден ерекшеленеді, егер адам ұясының жанына келсе де құс шабуылдайды.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан фототұзақтағы материалдарды камера алды өңдеу барасында таңғы уақытта Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinys Blyth, 1847) түскені анықталды. 

Сілеусін өте сақ жануар, сондықтан оны фотоаппаратқа суретке түсіру өте қиын.

Тарбағатай тауын қар жамылғысы жапқанда, еркін даланың ерке еліктері  таудың етегінде орналасқан жазық аймақтарға қоныс аудара бастайды. Еліктер бір жерде жиналып немесе топтарға бөлініп жайылуы мүмкін. Көші-қон кезінде үйірімен топтасқан еліктер көлік жолын кесіп өтіп,  жүйткіп келе жатқан көлікке жиі соғылады. Әсіресе, қар жауып тұрғанда немесе боранды күндері оларды алыстан аңғару қиынға соғады.  Сондықтан жануарлардың көші-қоны орын алып жатқан мерзімде көлік жүргізушілеріне сақ болуды ескертеміз!

Ұлттық паркіміздің көлік жүргізушісі, Халықаралық спорт шебері Бойко Роман 10-13 қараша күндері Комбат Джиу-джицудан Латвияда өткен XII әлем чемпионатына қатысып, спорттың Фулл-контакт (Full contact) және Клосс контакт (Close contact) түрінен 57 келі салмақта екі бірдей ІІ-орынды қанжығалап, елімізге оралды.

2023 жылдың 8-9 қараша аралығында Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері және ұлттық парктің аңшы-биологы  «Қар барысын сақтайық!»  атты плакаттар байқауына  қатысқан барлық жүлдегер оқушыларды мадақтама қағаздарымен, алғыс хаттармен және БҰҰДБ-дан (Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы) келген арнайы сыйлықтармен марапаттады. 

1 1 1 1 1 1

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95