Бүгін, 2022 жылдың  сәуір айының 6 күні"Парктер шеруі-2022" халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында  Таскескен ауылындағы Үржар колледжінің студенттерімен "Қарақол" өзенінің бойында  экологиялық сенбілік өтті.

Табиғатты қорғау акциясы аясында экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің мамандары біздің табиғатымызға ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы әңгіме өткізді.

Наурыз айының 17-28 күндері аралығында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік инспекторлары Үржар ауданының мектеп оқушыларына және ауыл тұрғындарына «Парктер шеруі-2022» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы жайлы жарнамалау мақсатында пиар жұмыстарын жүргізді.

Бүгін көктем мезгілінің алғашқы белгілері байқалып ағаштар бүр жаруға дайындалып, алғашқы гүлдер жер жер тоңын жарып шыға бастағаны жайында айналымдағы мемлекеттік инспекторлар бақылау ерекшеліктерін мәлімдесе, ғылыми қызметкерлер мен аңшы биолог мамандары жыл құстарының жылы жақтан ұшып келіп жатқанына бақылау жүргізді.

Күн аусымы ұзарып, ауа райының жылуынан тау беткейіндегі қар еріп, 8-13 наурыз аралығында жауын-шашын түсімі мол болды. Өзендердегі су деңгейі көтерілді. Тіршілік иелерінің жанданып, жәндіктер мен жануарлар қысқы ұйқысынан оянғандығы ұлттық парктің Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімімен жүргізілетін Табиғат жылнамасындағы флора, фауна бақылауына тіркелді.

Бүгін 15-наурыз күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің ұйымдастырумен «Парктер шеруі - 2022» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жоспарын талқылау мақсатында үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында үйлестіру кеңесінің мүшелерінің пікірлері тыңдалды. 

Жоспарға сай бүгін мемлекеттік инспекторлармен айлық жиын өткізілді.

Жиында мекеме директоры Алибек Тоқтаубекұлы, Орман шаруашылығы  және жануарлар дүниесі комитетінің алқа отырысында талқыланған тақырыптардағы:

 заңсыз ағаш кесу;

орман өрттерінің таралуына жол бермеу;

 орман өртіне жол бермеу үшін қосымша қаралатын іс-шаралар түрлері;

 мемлекет басшысының елімізде орман қорына 2 млрд ағаш отырғызу тапсырмасын орындау барысындағы кешенді жоспарларды уақытылы, сапалы орындау  керектігі тапсырмаларын жеткізді.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95