Өзен қарқылдақ (Sterna hirundo) – шағалалар (Laridae) тұқымдасына жататын құс.
Денесінің тұрқы 31-35 см, қанатының ұзындығы 25-29 см, қанатының кеңдігі 70-80 см-ге дейін жетеді. Салмағы 97-175 г. Өзен қарқылдағының құйрығы айыр, тұмсығы қызыл, ал тұмсығының ұшы қара түсті болып келеді. Қауырсындары ақ немесе ақшыл сұрғылт түсті, төбе қауырсындары қара түсті. Кәдімгі өзен қарқылдағының аяқтары қызыл түсті болады. Негізгі қорегі - балықтар, сонымен қатар молюскалар мен жәндіктерді де азық етеді.

Кеклік немесе тас кекілігі немесе тау тауықтары (лат. Alectoris chukar) - қырғауыл тұқымдасына жататын құстар туысы

Арқалы және Қарабас «Тарбағатай» ұлттық табиғи паркі аумағының кластерлік үлескілерінде кең таралған. Кекіліктер сирек бұталармен толып жатқан таулардың жартасты беткейлерінде кездеседі. Жылдың көп бөлігін 20-50-ге дейін топтасын тіршілік етеді.

"Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әлем бойынша жыл сайынғы дәстүрмен аталып келе жатқан Қызыл кітапқа енген жануарды сақтап қалу мен қорғауға арналған Халықаралық "Қар барысы күні" 23 қазанда аталып өтеді.

Осыған орай Сіздерге "Қар барысын бірге сақтайық"атты акцияның өткелі жатқанын асыға хабарлар, ат салысып қатысуға шақырамыз!

Байқауды ұйымдастырушы БҰҰ дамыту бағдарламасы мен "Тарбағатай" ұлттық паркі, байқау қорытындысы бойынша құнды тамаша сыйлықтар, сертификаттар, дипломдары ұсынылады.

Кез-келген табиғи аумақта отпен абай болыңыз. Сіздің абайсыздығыңыздан үлкен проблемалар туғызбауы үшін. Табиғи өрттің ең көп таралған түрі ол шабылған шөптер. Құрғақ шөптен өрт тез таралады, әсіресе желді күндерде, қатты өртенген өртті тоқтату өте қиын болады. Кейде шөпті әдейі өртейді – ескі шөпті өртегеннен кейін жаңа шөп тез өседі деген сенімге байланысты. Кейбір жағдайларда табиғи өрттер қасақана өрттің, техногендік апаттың салдары болып табылады.

Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімі

Сәуірдің сәтті күнінде, Парктер шеруі-2022 Халықаралық акциясы аясында ұлттық парк қызметкерлері Мақаншы ауылдық округ тұрғындарымен бірлесіп Мақаншы ауылындағы кіре беріс алаңға 400 түп ағаш көшеттерін отырғызу ауқымды іс-шарасын өткізді.

Алаңда жас ағаш көшеттерін отырғызумен жергілікті халыққа, баба мұрасындай болған жасыл белдеуді бүгінгі ұрпақ күтіп ұстап, көзінің қара шығындай сақтауды жылда өтетін «Парктер шеруі» акциясы аясында тағылымы мол тәрбиелік маңыздың бірі-табиғатты аялау, жасыл-желекті сақтау болып табылатынын түсіндіру де басты мақсаттың бірі.

Бүгін, 2022 жылдың  сәуір айының 6 күні"Парктер шеруі-2022" халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында  Таскескен ауылындағы Үржар колледжінің студенттерімен "Қарақол" өзенінің бойында  экологиялық сенбілік өтті.

Табиғатты қорғау акциясы аясында экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің мамандары біздің табиғатымызға ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы әңгіме өткізді.

Наурыз айының 17-28 күндері аралығында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік инспекторлары Үржар ауданының мектеп оқушыларына және ауыл тұрғындарына «Парктер шеруі-2022» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы жайлы жарнамалау мақсатында пиар жұмыстарын жүргізді.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95