Көк кептер (лат. Columbalivia) — Кептер тәрізділер отрядының Кептерлер тұқымдасының баршаға белгілі және таныс кең таралған кептер. Орташа денелі (240-360 грамм), қанатының алымы  60-70 см, басқа кептерлерден айырмашылығы; бел тұсында ақ және қанатында екі көлденең қошқыл жолақ болады. Көк кептерді Қазақстанның барлық аймағынан кезіктіруге балады.   Отырықшы құс болғандықтан, жылыстамайды. ұясына екі ақ түсті жұмыртқа болады. Жұмыртқаларды аналығы мен аталығы 17 күндей басады. Балапандар ұядан бір ай мөлшерінде немесе одан да көп мерзімде ұшады.
Ғылыми қызметкер Шәріпқанова А.Д.

Түлкілер - жыртқыштар отрядының иттер тұқымдасына жататын аң.. Олар көбінесе ұлттық парктің аумағында орнатылған фототұзаққа жиі  түседі.
Жануарлардың бұл түрі өте әдемі, оған сымбатты  ұзын денесі, жіңішке тұмсығы және ұзын жіңішке аяқтары ерекше көрік береді. Бірақ түлкілердің басты мақтанышы ол - құйрығы. Оның құйрығы маңызды функцияны атқарады, соның арқасында жануар жүгіргенде кезде тепе-теңдікті сақтайды, сонымен қатар қыста аяздан қорғау үшін оған оранады.
Түлкілер түнгі уақытты өте белсенді бірақ оларды күндіз де кездестіруге болады. Түнде олар күндізгіден гөрі жақсы көреді, сондықтан олар қараңғыда аң аулауды жөн көреді. Түлкілер қыста жалғыз өмір сүреді және тек жазда жұптасады.
Кіші ғылыми қызметкер - Түркер З.

Ағымдағы жылдың қаңтар айының 5-і күні ұлттық парк директорының м.а. Қ.Сәрсембаев аудан әкімінің шақыртуымен жедел штаб отырысына қатысты. Қозғалған мәселе қарлы боранның салдарынан Бестерек ауылдық округіне қарасты таулы аймақта  хабарсыз кеткен 3 адамнан тұратын отбасын іздестіру шараларын ұйымдастыру. Құтқарушылар тобына ұлттық парктен мемлекеттік инспекторлар К.Оспанов, Е.Скаков, А.Арынгазин, Е.Тусупбеков жұмылдырылды.
Жедел әрекет нәтижесінде хабарсыз кеткен отбасы аман-есен табылды.
Баспасөз хатшысы Әөбенова.

Тарбағатай ұлттық паркінің ғылыми қызметкрелері үшін биыл жемісті ерекше жыл деп айтуға болады. Өйткені 2019-2021 жылдар аралығында өте сақ жануар сабаншы жануарының тіршілік ету мекенін аса анық түспеген ізі мен жергілікті жердегі бақташы адамдардың көрдік деген ауыз екі сөздеріне сүйене болжамды жорамалмен тізімдеу жұмыстарын жүргізіп жүрсек, биыл 2022 жылы 5 қазанда Сабаншы ( лат.Felis manul, Pallas) – сүтқоректі жануарлар отрядының мысықтар тұқымдасына жататын жабайы мысықтардың арасындағы дене мөлшері ең кіші, үй мысығынан үлкендеу түрін екінші рет кездестіріп, тіпті нақты дәлелді ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін "Тарбағатай" (зоологиялық)қаумалының мемлекеттік инспекторларының көмегімен  дене ұзындығы 60 см, екі құлағының маңдай сүйек ортасы -8 см, құлағының ұзындығы-3 см, құйрығының ұзындығы-20 см, алдыңғы аяғы-19 см, артқы аяғы-20 см, бой биіктігі-26 см, түгінің ұзындығы- 4 см өлшемдері өлшенді.

Елік (Capreolus pygargus) – бұғылар тұқымдасына жататын жұптұяқты, сүтқоректі жануар.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Сібір елігі кездеседі. Дене тұрқы 120 – 160 см, шоқтығына дейінгі биіктігі 75 – 100 см, салмағы 30 – 55 кг. Құйрығы өте қысқа. Ешкісі мүйізсіз, текесінің наурыз – мамырда толық жетіліп, қараша – желтоқсанда түсетін 3 – 5 ашалы мүйізі (25 - 40 см) болады. Аяқтары жіңішке әрі ұзын. Қыста түгінің түсі қоңырқай сұр, жазда жирен, жас лақтарының түгінде ашық түсті теңбіл дақтары болады, үш айдан кейін түгі біркелкі реңге ауысады. 

Жазда жеке-жеке, ал басқа кезде топталып жүреді. Бір жарым жасында лақтайды. Шілде – тамыздан бастап 9 ай көтеріп 1 – 2, кейде 3 лақтан туады. Лақтарын туылғаннан кейін алғашқы 2-3 аптасында шөп арасына жасырып, аналығы өзі барып 20 ретке дейін емізеді. Еліктің сүті сиыр сүтінен 3 есе құнарлы болып келеді. Лақтарын 6 – 8 ай сүтімен қоректендіреді. Екі айдан кейін лақтары жасыл шөпті қорек ете бастайды.  Жеміс-жидек, мүк, қына және шөптесін өсімдіктердің жүзге жуық түрімен қоректенеді. Ешкісі 11 – 12, текесі 16 жылдай тіршілік етеді.

Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне құтты болсын!

Құрметті орман шаруашылығы қызметкерлері, әріптестер!

Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Елдің басты байлығының бірі саналатын орман шаруашылығының экологиялық және экономикалық маңызы зор. Бұл мереке осы салада қажырлы еңбек етіп жүрген мамандардың адал еңбегіне деген құрметті қалыптастырады.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95