Орман шебері М.Қонаев пен мемлекеттік инспектор А.Шидербаев учаскелік полиция майоры Ахмер Нұрболмен 44, 45, 47-ші мастерлік айналымдарға бірлескен рейд жүргізді. Рейд барысында құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.

Мемлекеттік инспектор - өзінің құзіретті мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіппен, оның күзет аймағының аумағында өзіне бекітіліп берілген айналыммен, мекемеге қарасты ерекше қорғалатын аумақта заң бұзушылықты болдырмау, табиғи ресурстарды, су, жер, орман, аң, құс, қоршаған ортаға зиян келтіретін заң бұзушылықтар мен әрекеттерден қорғау жұмыстарын жүргізетін тұлға.

2023 жылдың 1-ақпаны күні ұлттық парк кеңсесінде орман шеберлеріне ұлттық парк директорының м.а. Қ.Сәрсембаевтың қатысуымен айлық жиналыс өтті.
Жиналыста алдымен заңгер Н.Дүйсекенов Әдеп кодексі мен Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы алдын ала ескертпелер айтып өтті.
Артынша бөлім басшылары, инженерлер мен мамандар тарапынан
* Техника қауіпсіздігін сақтау шаралары;
* БАҚ бойынша жұмыстар түсіндіріліп;
*Күнделікті атқарылатын жұмыстар;
*Жануарларды есепке алу;
*Мемлекеттік инспекторлардың күнделік толтырулары;
*SMART құрылғысы бойынша жұмыстар талқыланды.

Ұлттық паркіміздің мемлекеттік инспекторлары аумақтағы жинақталған ылғал көлемін анықтау мақсатында аймаққа қар түскенннен бастап арнайы орнатылған қар өлшегіш сызғыштардың көмегімен қар өлшеу жұмыстарын жүргізуде.

Секіргіш кесіртке(Lacerta agilis) – ашық сұр, қоңыр немесе жасыл түсті болып келетін ірі кесіртке денесінің ұзындығы 120 мм құрайды. Күйлеу кезеңінде аталығының түсі қою жасыл түсті болады, күзде бұл түс көк жасылға айналады. Аналығы мен ұрпақтары сұр немесе қоңыр түсті болады. Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орманды дала аймақтарында, өзендердің жағалауларындағы жайылымдарда, шалғындарда, егістік жерлерінде кездеседі. Суда жақсы жүзеді. Аналығы маусымда 3-15 жұмыртқа салады да,  шілде-тамыз айларында ұзындығы шамамен 30мм болатын кесірткелерді туады. Секіргіш кесірткелер табиғатта 5-6 жыл кейде 8 жыл өмір сүреді. Олар түрлі жәндіктермен  олардың дернәсілдерімен, өрмекшілермен қоректенеді. Кесірткенің негізгі жауы құстар мен кірпі, борсық, түлкі және қарсақ.

Ғылыми қызметкер Айгерім Шәріпқанова.
Фото авторы Елена Красон.

Ұлттық паркіміздің мемлекеттік инспекторлары Б.Чокаев, З.Бегешев, Е.Мырзағали мен орман шебері А.Серікжанов дала жануарлары мен құстарды қорғап қана қоймай, қалың қар жауғанда, боранда, аязда олардың санының азаюына, жойылып кетуіне жол бермеу мақсатында қыстық азық қорын молайту үшін жем-шөппен және бұтақты азықтармен қамтамасыз етті.

«Тарбағатай» МҰТП-нің заңгері және Әдеп жөніндегі уәкілі - Н.А.Дүйсекенов, Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімінің басшысы Р.С.Смаилов, орман қорғау инженері М.Е.Малгельдинов «Тарбағатай» (зоологиялық) қаумалы аумағына іс-сапармен барып, мемлекеттік инспекторлардың жұмыс барысын, күнделіктерін тексеріп, ой-пікірлерін тыңдап, жиналыс ашты.
 Орман шеберлері мен мемлекеттік инспекторларға жоспарлы түрде мекеменің, әдеп  кодексінің, әдеп нормаларын сақтау туралы дәріс-сабақ лекциясын жүргізіп, онда: адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, Мемлекеттік мекемеде қызмет істеп отырғандықтан, заңнамадағы тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге  тиіс екендіктері түсіндірілді.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95