Қазақстанда «Парктер шеруі» Халықаралық табиғат қорғау акциясы басталды, ол 1996 жылдан бастап наурыз-маусым айларында дәстүрлі түрде өтеді.
Аталмыш акция Үржар ауданында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет 2019 жылдан бастау алып, биыл қатарынан 5-ші жыл өткізілмек.

Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері Үржар ауданының жергілікті атқарушы ұйымдарын аралап, «Парктер шеруі — 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясының жоспарын түсіндіріп, келісім парағына қол қойдырды.

Наурыз айының 14-і күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері ұлттық парк директорының м.а. Қ.Сәрсембаевтың қатысуымен кеңсеге орман шеберлерін жинап, «Парктер шеруі — 2023» халықаралық табиғаттықорғау акциясының жоспарын таратып, түсіндіріп, өткізу шарттарын талқылап, жауаптыларды белгіледі.

2023 жылғы 19 ақпанда Семей қаласында «Тарбағатай» ұлттық паркін құру тарихы" және "Сиверс алма ағашының отаны" тақырыбында өлкетану қонақ бөлмесі өтті. Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің рекреация және туризм жөніндегі инженері Керимтаева Диана Бейсенбекқызы «Тарбағатай» МҰТП қызметі және Сиверс алма ағашының отаны туралы ақпарат бере отырып, ҮЕҰ-мен облыстық іс-шараға қатысты.
Семинардың толық бейнесін YouTube арнасынан https://youtu.be/L5kJ8eNrFsU сілтемесі бойынша көре аласыз.
Фото авторы өлкетанушы Владимир Боровинский.

Мемлекеттік инспекторлар Р.Тілек, Ж.Қабденов пен аңшы-биолог А.Рахимбеков «Әлет» туристік маршрутына қар шаңғысымен жетіп, қардан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Ағымдағы жылдың 7 наурызы күні «Көктем — 2023» Республикалық командалық штабтық жаттығу жұмыстары аясында Үржар ауданының жедел жасақ қызметтеріне "ДАБЫЛ" белгісі беріліп, көктемгі су қаупі кезеңіне дайындықтары пысықталды. Оқу-жаттығу жұмыстарына «Тарбағатай» МҰТП қызметкерлері де қатысты.

Қояндар – сүтқоректілердің бір тұқымдасы, олардың 50-ге жуық түрлері бар. Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері де кездеседі. Салмағы орташа 0,1- 4,5 кг, дене тұрқы 12-75 см болады. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарына қарағанда ұзын. Сондықтан биіктеу жерлерге тез көтеріледі, ал биіктен түсерде қоян қиналады, кейде домалап та кетеді.  Қоянның көзі басының ортасында емес, екі жағында орналасқандықтан, ол артынан, не жанынан кездесіп қалған аңды тез байқауға мүмкіндік береді. Қояндардың тістері өткір келеді. Олар өздеріне үйшік дайындамайды, қысқа азық жинамайды себебі,  бұта түбінде, орман жиегінде тіршілік етеді. Түнге қарай азық іздеуге шығады. Көктем мен  жаз айларында жасыл шөп, өсімдік тамырларымен қоректенеді. Ал қыста қалың қар астында тығылады. Қыс мезгілінде орманда азық өте аз болғандықтан қояндар ағаш қабығын кеміреді. Күз мезгілінің аяғында күздік егіс көктеп, қар астында басылып қалады. Кейде қояндар осындай егіс алқаптарында, қар астынан шұңқыр қазып күздік егіспен қоректенеді.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95