Халықаралық  құстар күніне орай «Құстар біздің досымыз!» байқауы: 9-15 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады.
Өткізілу шарты:
* Байқауға қатысушылар құстарға арнап құс ұясын жасап және құстарға қамқорлық көрсеткені  жайын  сипаттайтын 2-3 минуттан кем емес бейнеролик түсірулері керек.
* Құс ұясы ағаш өнімдерінен жасалуы керек. Көлемі: биіктігі-40 см, ені-30 см аспау керек.
* Қатысушы Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына бейнероликті салып, «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің @tarbagatai_2018 парақшасын белгілеп,  #Тарбағатайқұстары хэштегін көрсетіп салуы қажет. (Үйшіктің төменгі оң жақ шетіне міндетті түрде оқушының аты-жөні, мектебі және сыныбы жазылуы керек).
* Топ болып жасаған жұмыс жарамайды.

Ұлттық парктің таулы аймақтарында запырангүл немесе бозғалдақ (Crocus) гүлдеуде.

Фото авторы Д.Шәмшиев.

«Тарбағатай» МҰТП-нің Келісу комиссиясының мүшелері еңбек заңнамасын негізге ала отырып, 10.03.2023-13.03.2023 ж.ж. аралығында келісім комиссиясының 16 академиялық сағатты қамтыған семинарлық курсынан өткендіктері туралы сертификат иеленді.

«Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясының бекітілген жоспарына сәйкес ашылу салтанаты барысында «Ең үздік лозунг» байқауы болып өтті.
Алдымен Үржар ауылының мектеп оқушыларынан «Жас орманшылар» одағына кіруге ант қабылданып, «Дары природы» ШҚ демеушілігімен біріңғай киім үлестірілді.
Ал «Ең үздік лозунг» байқауына Үржар ауданы бойынша мектеп оқушылары команда болып, ерікті түрде сайысқа түсті.
Ең үздік команда атауы, ең үздік ұран, ең үздік лозунг, ең әдемі киім үлгісі бойынша жүлделі орындар әділ қазы алқаларымен анықталып, жеңімпаздар алғыс қағазымен және сыйлықтармен марапатталды.
Бас жүлде «Жасыл ел» командасына берілді. 1-орынды Б.Момышұлы атындағы ОМ, 2-орынды Абай ОМ, 3-орынды Көктерек ОМ иеленді. Б.Тұрлыханов орта мектебіне «Ең мағыналы лозунг» номинациясы беріліп, Абылайхан ОМ белсене атсалысқаны үшін марапатталды.

«Тарбағатай» (зоологиялық) қаумалының орман шебері Д.Аманғазин мен мемлекеттік инспекторлары Жергілікті атқарушы ұйымдардың өкілдеріне «Парктер шеруі — 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясының байқауларымен ақпараттандыру, түсіндіру мақсатында брифинг өткізді.
Брифинг соңында мемлекеттік инспекторлар «Парктер шеруі — 2023» акциясының жоспарында көрсетілген «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясын қолға алып,  әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан екі оқушыға өз тараптарынан демеушілік көрсетіп, аяқ киім мен спорттық киім сыйлады.

Наурыз айының 28-і күні Үржар ауылының орталығында орналасқан Батырлар аллеясының алдында Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясының ашылу салтанаты болып өтті. Салтанатымызды тамашалауға «Алакөл» мемлекеттік табиғи қорығынан және «Семей орманы» МОТР» РММ-нің «Тау дала» филиалы Аягөз орманшылығынан құрметті қонақтар келді.
Аталмыш шараны өткізуге ұлттық парк ұжымымен қоса, Үржар аудандық және ауылдық әкімшіліктері, Ішкі саясат бөлімі, Жастар ресурстық орталығы, мәдениет үйі, «Уақыт тынысы» редакциясы, Үржар тарихи өлкетану музейі, аудандық полиция бөлімі, білім бөлімі мен аудандық орта мектептер көмек қолын созғандықтан, барлығына білдірер алғысымыз шексіз!

@alakol_state_nature_reserve
@nurzhan_tokseitov_official
@glpr.semeyormany
@urjar_jastary
@abay_om
@aklasova.zhanar
@ishki_sayasat.urzhar
@momushuly_om_

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95