«Тарбағатай» (зоологиялық) қаумалының мемлекеттік инспекторлары да өрт қаупі маусымында тілсіз жауды болдырмау үшін дайындық жұмыстарын жүргізуде:

  • Рейдтік іс-шаралар күнделікті жүргізілуде;
  • Ұлттық парк аумағында орналасқан шаруа қожалықтарына өрт қауіпсіздігін түсіндіру жұмыстары жасалды;
  • Өрт сөндіру құралдарын ретке келтірді;
  • Минералданған жолақтар жасады (Самар орман үлескісі);

 «Бірлік болмай тірлік болмас!» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.

Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетілді. 

Ұлттық парк территориясына өрт қаупі бар маусымда инженерлік тексерулер жүргізілуде. Орман шеберлері мен мемлекеттік инспекторлар тілсіз жауды болдырмай, алдын алу үшін территорияда орналасқан шаруа қожалықтармен кездесіп, өрт қауіпсіздігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өздеріне бөлінген аумақтарда өз техникаларымен минералдық жолақтар жасауда.

«Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде ЭАРТ бөлімінің ұйымдастыруымен Үржар ауылының «Ер Төстік» балабақшасында «Табиғат - біздің анамыз, Біз табиғатқа панамыз!» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.

Бұл тәрбие сағатының бір ерекшелігі –1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай балабақша тәрбиеленушілері әр ұлттың киімін киіп, сол елдің биін билеп, концерттік бағдарлама көрсетіп, керемет белсенділік танытты.

Концерттік бағдарламадан кейін тәрбиеленуші балалар ЭАРТ бөлімінің қызметкерлерінің өз қолдарымен дайындап, дыбыстаған мультфильмін тамашалады. Соңынан ЭАРТ бөлімінің қызметкерлері мультфильмнің желісі бойынша балақайлармен сұрақ-жауап алмасып, экологиялық көзқарастарының жақсы жағынан қалыптасуына ықпал етті.

Бүгін 24-сәуір күні ЭАРТ бөлімінің қызметкерлері Абылай хан орта мектеп-бақшасының тәрбиеленушілеріне «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде «Табиғат балалардың көзімен» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақ барысында ЭАРТ бөлімінің қызметкерлері өз қолдарымен дайындап, дыбыстаған мультфильмді тәрбиеленуші балалардың назарына ұсынды.

«Жас ақындар үнімен, табиғатты қорғайық бүгіннен!» байқауына 8-16 жас аралығындағы балалар қатысады.

Өткізілу шарты:

• Ұлттық парк учаскелеріне қарасты: Тарбағатай тауы, Қарабас тауы, Әлет үлескесі (учаскі) жайында аңыз-әңгіме ойластыру немесе өлең шығару. Байқауға қатысушы еңбектерін алдын-ала ұлттық парктің Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына 11-16 мамыр аралығында өткізу керек (хатқа қатысушының ТАЖ, мектебі және сыныбы жазылуы керек). Жазылған аңыз-әңгіме немесе өлең тақырыпқа сай болуы керек.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95