Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімі ұлттық парк аумағындағы Еміл өзенінде балықтарды құтқару жұмыстарын жүргізу мақсатында өзен бетіндегі мұздарда ойықтар ойып, су асты тіршілік көздерін оттегімен қамтамасыз ету үшін қамыс түтіктер қойып, аэрация жұмыстары жүргізілді.
Баспасөз хатшысы Ә.Көбенова.
Фото авторы: Е.Красон.

Еміл өзені мастерлік учаскесінде аңшы-биологтар А.Рахимбеков пен Е.Красон, мемлекеттік инспекторлар М.Дәлдірбаев, Д.Шәмшиев, Т.Оралбаев, Е.Темірғалиев және орман шебері-мемлекеттік инспектор А.Зейнолда бірлесіп, ауқымды түрде биотехния шараларын жасады.

Ертеде Еміл өзенінен 14-15 шақырымдай жерде тарихта жоңғар деп аталған қалмақтардың қалашығы болған, яғни Жоңғар-Қалмақ хандығының орталығы. Бұл біз ойлағандай үлкен шаһар емес, жиналып, ішкі-сыртқы саясат жөнінде құрылтай өткізетін орталық іспеттес қалашық болған сияқты. Орнында үйіліп төбешік болып қалған ескі тамдар, жер ошақтар, тот басып, шіріген темір-терсектер қалған.
Тарихи жазбаларда да Тарбағатай алқабы мен Еміл өзенінің атырабы жоңғарлардың ертеде мекен еткен жерлерінің бірі деп көрсетілген. Яғни, Орыс-Қытай шекарасы белгіленбей тұрып бұл маңда ойраттар тұрақтаған. Бұған дәлел Қытайдың «Шәуешек» қаласы қалмақтың «тостаған» деген сөзі. Ал өзіміздің «Тарбағатайға» келсек,  ол да жоңғар-қалмақтардың «суырлы тау» деген термині. «Еміл» сөзі де ойрат тілінде «жайқын су» деген мағынаны білдіреді.
Көне-көз қарттардың айтуынша, Еміл өзені суы мол, ағыны атты адамдарды ағызып әкеткен өзен болған. Қытай қазақтары арасынан шыққан қайраткер, Шыңжаңдағы Тарбағатай аймағының алғашқы уәлиі (губернаторы)  Баспай (Башпай) сол кездерде Еміл өзеніне көпір салдырған («Баспай көпірі»).  Аталмыш өзен бастауын Қытайдың Ұрқашар баурайындағы бұлақтардан алып, өзіміздің Алакөл көліне құятын трансшекаралық өзен. Сол себепті Қытайда халықты сумен қамту, экономиканы дамыту, шөл даланы игеру мақсатында өзен бұрмаланып, суы азайып, арнасы тарылған.
Баспасөз хатшысы Ә.Көбенова.
Видео түсірілім жасаған А.Зейнолда.

Мемлекеттік инспекторлар А.Ғабитов, Е.Жұмағұлов және орман шебері-мемлекеттік инспектор Е.Шакиров 40-шы мастерлік айналымда қыстық санақ жүргізіп, биотехния шараларын жасады. Санақ барысында қоян, түлкі іздері анықталған. Сондай-ақ, мемлекеттік инспекторлар қоянның жатқан орнын көріп, фотоға түсірген.

2023 жылдың 31 қаңтары күні ұлттық парк кеңсесінде Ғылыми-техникалық кеңес өтті. Кеңес барысында ҒТК құрамы қайта бекітіліп, жоспар бойынша тақырыптар талқыланды.

Маралдар – бұғы тұқымдастарының ішіндегі ең ірі түрі, үлкен және мықты жануарлар. Қыс мезгілінде бұғылар тауларға көтеріліп, қардан ашық жерлерді мекендейді. Күндізгі уақытта күн сәулесі жақсы түсетін биіктіктерде алаңсыз қыздырынып жатқан 6-дан 15-ке дейінгі маралдар тобын байқауға болады.
Фото, видеоға түсірген мемлекеттік инспектор - Хихматаллинов Ф.

Үлкен дақты тоқылдақ - құстардың осы түрінің ең көп таралған өкілдерінің бірі . Тоқылдақ ағашқа секундына 20-25 рет соққы бере алады (бұл пулеметтің жұмыс жылдамдығынан екі есе дерлік) күніне 8000-12000 рет. Бұл құстар жәндіктерді бақылауда маңызды рөл атқарады, ауру векторларын жою арқылы ағаш ауруларының таралуын шектеуге көмектеседі. Осылайша, тоқылдақ құсы ормандарды сақтауға көмектеседі. Парктың аумағында құс кішкентай ормандарда, тоғайларда кең тараған, құстар құрғақ ағаштар басым болатын көктерек, қайың және терек тоғайларына үйір. Елді мекендерде құсты кездестіру қиын емес.

Автор: Аңшы-биолог Е.Красон.
Видеоға түсірген: Мемлекеттік инспектор С.Мұсабеков

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95