43-ші айналымның орман шебері-мемлекеттік инспектор А.Батырбаев мемлекеттік инспекторларымен бірлесіп ұлттық парк аумағын мекендейтін жабайы жануарлар жиі жүретін 3 жерге биотехниялық іс-шаралар жүргізді.

🖋 Баспасөз қызметі.

Ақшоқы ауылының мемлекеттік инспекторлары ұлттық парктің ерекше қорғалатын табиғи аумағына (ЕҚТА) 2086 әскери бөлім қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізді.
Аумақ бойынша заң бұзушылықтар орын алған жоқ.
📸 Мемлекеттік инспектор - орман шебері Қ. Толубаев.
🖋 Баспасөз қызметі.

«Тарбағатай» МҰТП» РММ-нің заңгері-мемлекеттік инспектор Дүйсекенов Нұрлан Ақашұлы, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңын негізге ала отырып, Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімінің қызметкерлеріне қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе —сыбайлас жемқорлық туралы жиналыс ашып, қызмет барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу баршамыздың азаматтық борышымыз екенін әрдайым есте сақтап жүруді ескертті.

🖊️ Баспасөз хатшысы.

Тарбағатай және Қарабас тауларының көркін келтіретін Раушангүлділер тұқымдасына жататың бұталы өсімдік. Тәншан шиесі биіктігі 1-2,5 м жететін, жиі бұтақтанған өсімдік. «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында бұталы белдеуде өседі. Маусым айында гүлдеп, шілде-тамыз айларында жеміс береді.

Аға ғылыми қызметкер: Б. Садакова

Тырнатәрізділер отрядына жататын  Ақбас тырнаны (Anthropoides virgo) ұлттық парктің далалы аймақтарынан кездестіруге болады. Басқа тырналар тұқымдасына қарағанда  ерекшелігі - тырналардың ішіндегі ең кішісі. Шекесінде айдар тәрізді ұзын ақ қауырсындары бар. Қанатын жайғандағы ұзындығы 1,6-1,8 м, салмағы 2-3кг. Басы, мойнының асты мен омырауы қара, ал басқа қауырсындарының түсі көкшіл сұр болады. Ұяларын жерді аздап шұңқырлап, оған құрғақ шөп төсеп салады. Мекиені мен қоразы 1-2 жұмыртқаны 28-30 күндей кезектесіп басады.
Ақбас тырна – жыл құсы. Қыркүйек - қазан айларында жылы жаққа ұшып кетеді. Өсімдік дәнімен, бүршігімен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ақбас тырна Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Ғылыми қызметкер А.Д. Шәріпқанова,

Қылқұйрық бұлдырық — жыл құсы. Наурыз-сәуірде жұп құрып, 2-3 жұмыртқасын мекиені мен қоразы кезек шайқайды, кейін балапандарын бірігіп қоректендіреді. Бір жерге топтанып (көбіне 30-40-тан, кейде 100-ден), кейде жұбымен ғана ұялайды. Жылына 2 рет балапан өргізеді. Қылқұйрық бұлдырық ағашқа, бұтаққа қонбайды, жерде тез жүгіреді. Фото-материал Тарбағатай ұлттық паркінің "Тарбағатай" (зоологиялық) қаумалы аумағында түсірілген .Аулауға тыйым салынады.Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.

«Тарбағатай»(зоологиялық) қаумалының орман шебері Аманғазин Думан Отанбекұлы мастерлік айналымының мемлекеттік инспекторларымен жиналыс өткізіп, айлық есеп қабылдады. Жиналыс барысында әрбір мемлекеттік инспектор күнделікті атқарған жұмыстары, өздеріне белгіленген аумақтарда қандай өзгерістер бар екені, кездестірген құстар мен жан-жануарлар туралы, сондай-ақ кезекті рейдтер барысында ешқандай құқық бұзушылық орын алмағандығы туралы баяндады.

Баспасөз хатшысы Ә.Көбенова.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95