Ағымдағы жылдың қаңтар айының 5-і күні ұлттық парк директорының м.а. Қ.Сәрсембаев аудан әкімінің шақыртуымен жедел штаб отырысына қатысты. Қозғалған мәселе қарлы боранның салдарынан Бестерек ауылдық округіне қарасты таулы аймақта  хабарсыз кеткен 3 адамнан тұратын отбасын іздестіру шараларын ұйымдастыру. Құтқарушылар тобына ұлттық парктен мемлекеттік инспекторлар К.Оспанов, Е.Скаков, А.Арынгазин, Е.Тусупбеков жұмылдырылды.
Жедел әрекет нәтижесінде хабарсыз кеткен отбасы аман-есен табылды.
Баспасөз хатшысы Әөбенова.

Тарбағатай ұлттық паркінің ғылыми қызметкрелері үшін биыл жемісті ерекше жыл деп айтуға болады. Өйткені 2019-2021 жылдар аралығында өте сақ жануар сабаншы жануарының тіршілік ету мекенін аса анық түспеген ізі мен жергілікті жердегі бақташы адамдардың көрдік деген ауыз екі сөздеріне сүйене болжамды жорамалмен тізімдеу жұмыстарын жүргізіп жүрсек, биыл 2022 жылы 5 қазанда Сабаншы ( лат.Felis manul, Pallas) – сүтқоректі жануарлар отрядының мысықтар тұқымдасына жататын жабайы мысықтардың арасындағы дене мөлшері ең кіші, үй мысығынан үлкендеу түрін екінші рет кездестіріп, тіпті нақты дәлелді ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін "Тарбағатай" (зоологиялық)қаумалының мемлекеттік инспекторларының көмегімен  дене ұзындығы 60 см, екі құлағының маңдай сүйек ортасы -8 см, құлағының ұзындығы-3 см, құйрығының ұзындығы-20 см, алдыңғы аяғы-19 см, артқы аяғы-20 см, бой биіктігі-26 см, түгінің ұзындығы- 4 см өлшемдері өлшенді.

Елік (Capreolus pygargus) – бұғылар тұқымдасына жататын жұптұяқты, сүтқоректі жануар.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Сібір елігі кездеседі. Дене тұрқы 120 – 160 см, шоқтығына дейінгі биіктігі 75 – 100 см, салмағы 30 – 55 кг. Құйрығы өте қысқа. Ешкісі мүйізсіз, текесінің наурыз – мамырда толық жетіліп, қараша – желтоқсанда түсетін 3 – 5 ашалы мүйізі (25 - 40 см) болады. Аяқтары жіңішке әрі ұзын. Қыста түгінің түсі қоңырқай сұр, жазда жирен, жас лақтарының түгінде ашық түсті теңбіл дақтары болады, үш айдан кейін түгі біркелкі реңге ауысады. 

Жазда жеке-жеке, ал басқа кезде топталып жүреді. Бір жарым жасында лақтайды. Шілде – тамыздан бастап 9 ай көтеріп 1 – 2, кейде 3 лақтан туады. Лақтарын туылғаннан кейін алғашқы 2-3 аптасында шөп арасына жасырып, аналығы өзі барып 20 ретке дейін емізеді. Еліктің сүті сиыр сүтінен 3 есе құнарлы болып келеді. Лақтарын 6 – 8 ай сүтімен қоректендіреді. Екі айдан кейін лақтары жасыл шөпті қорек ете бастайды.  Жеміс-жидек, мүк, қына және шөптесін өсімдіктердің жүзге жуық түрімен қоректенеді. Ешкісі 11 – 12, текесі 16 жылдай тіршілік етеді.

Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне құтты болсын!

Құрметті орман шаруашылығы қызметкерлері, әріптестер!

Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Елдің басты байлығының бірі саналатын орман шаруашылығының экологиялық және экономикалық маңызы зор. Бұл мереке осы салада қажырлы еңбек етіп жүрген мамандардың адал еңбегіне деген құрметті қалыптастырады.

Мемлекеттік инспекторлар рейдтік іс-шаралар жүргізуде

Табиғи кешендер мен обьектілерді күзету  бөлімінің жылдық жоспарына сай Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда:

- табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуы;

- аумақта болу ережелерін сақтау тақырыптары бойынша бақылау мен түсіндірме жұмыстарын жүргізу ұлттық парк мемлекеттік инспекторларының қызметтік міндеттемелерінің бірі. Әр мемлекеттік инспектор жыл көлемінде өзіне бекітілген аумақта бұл қызметті атқаруда.

Ортаазиялық қабан (sus scrofa nigripes) - шошқа тұқымдасына жататын қабан тұқымдасының жұптұяқты сүтқоректісі.

Қабан парктің барлық кластерлік учаскелерінде кең таралған. Жануар ғылыми техникалық кеңеспен индикаторлық түр болып бекітілген. Қабандар батпақты және сулы жерлерге жақын орналасуға тырысады.

Бұл жануарлардың көру қабілеті нашар, бірақ олардың иіс сезу қабілеті жоғары дамыған. Олар жарты шақырымнан иіс сезе алады. Жануардың есту қабілеті де өте күшті дамыған.

Түнде өте белсенді. Ересек еркектер мен аналықтарды қоспағанда, топтап жүреді.

Бұл түрдің мінез-құлқының ерекшелігі-қорғаныс, торайлары жанында бар немесе жоқ болуы маңызды емес, шабуылдай береді.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95