Тарбағатай тауының бөктерінде алтын түстес гүлдердің жаппай гүлдеп, табиғатқа керемет көрік беретін сәті келді.

16-мамыр күні ұлттық парк кеңсесінде директордың м.а. Қ.Сәрсембаевтың қатысуымен орман шеберлеріне жиналыс өтті.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан фототұзақтағы материалдарды камералдық өңдеу барасында күндізгі уақытта Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinys Blyth, 1847) түскені анықталды. 

18 мамыр күні Халықаралық мұражай күніне орай «Парктер шеруі – 2023» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде мектеп оқушылары арасында «Жас ақындар үнімен, Табиғатты қорғайық бүгіннен!» атты ақындар байқауы ЭАРТ бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.

Байқауға қойылған талап: Ұлттық парк учаскелеріне қарасты Тарбағатай тауы, Қарабас тауы, «Әлет» ботаникалық бағы, т.б. жайында аңыз-әңгіме ойластыру немесе өлең шығару болатын.

Мақсаты: Жас ақындардың сөз байлығын дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру, туған жерінің табиғатына  деген сүйіспеншілігін ояту.

Мүшайраға 21 жас ақын өлең, аңыз, эссе, прозаларды есептегенде 23 шығарма ұсынды. Құрамы 5 адамнан тұратын қазылар алқасы ақындардың өлеңдеріне төрелік етті:

«Парктер шеруі — 2023» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылуына орай «Спорт!  Табиғат! Денсаулық!» атты экологиялық эстафета ұйымдастырылуда.

Мамыр айының 17-сі күні Үржар аудандық стадионында «Парктер шеруі – 2023» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде ЭАРТ бөлімінің ұйымдастыруымен «Халықаралық отбасы күніне» байланысты «Эко-десант» отбасылық спорттық сайысы болып өтті. Спорттық сайысқа Үржар ауылының мектептері бойынша 5 отбасы қатысты.

Бұл сайыстың мақсаты: 

  • оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығына қоршаған ортаның ластануы кері әсер ететінін түсіндіру;
  • жұртшылықтың санасына айналамызды таза ұстау отбасы тәрбиесінен бастау алатынын қалыптастыру;
  • салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.  
  • оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты,  денсаулығы зор,  күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру; 

Конкурс нәтижесі:

1 орын – Абылайхан ОМБ;

2 орын – Тұрлыханов ОМБ

3 орын – Б.Момышұлы ОМБ

16-мамыр күні «Парктер шеруі – 2023» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында ЭАРТ бөлімінің қызметкерлері Үржар ауданы жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен, кәсіпкерлермен және жергілікті атқарушы ұйымдардың мамандарымен Тарбағатай ұлттық табиғи  паркі туралы  дөңгелек үстел өткізді.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95