- Толығырақ
Ағымдағы жылдың 21 шілдесінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының қолдауымен Қазақстанның ірі парктерінің бірі Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркінде "Орман жолдары" жаңартылған туристік бағыты ашылды.
Ашылу салтанатына «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімі басшысының м.а. Д.Керимтаева мен экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова қатысты.
Ұзындығы 20 шақырымнан асатын бұл маршрут Катонқарағайдың таңғажайып пейзаждары мен ерекше табиғатын тамашалай отырып, жаяу немесе атпен жүруге мүмкіндік береді.
- Толығырақ
Қарабас шақшақ - жағал шақшақтан айырмашылығы реңі көрікті құс.
- Толығырақ
Мамыр сүйсіні (dactylorhiza majalis) - бәлкім, күнгелдіден кейінгі жарқын күлгін түсімен көзге түсетін екінші өсімдік, таулы өзендер мен шағын бұлақтардың бойында бүкіл плантацияларда кездесетін өсімдік.
- Толығырақ
Құлақты жапалақ (Asio otus) - түнде тіршілік етуге бейім жапалақ тәрізділер отрядына жататын құс.
Денесінің ұзындығы 31-37 см және қанаттарының ұзындығы 86-98 см жетеді. Жапалақтың ерекше көзге түсетін белгісі ұзындығы 3–7 см болатын құлақ сияқты қауырсындары. Көзінің қарашығы сары немесе қызғылт сары, ал тұмсығы мен тырнақтары өткір, иілген түстері қара болып келеді. Ұяларын қалың, биік бұталар арасына салады. Онда 2–3 балапанын 4 аптада басып шығарады.
- Толығырақ
Кірпі – ежелгі, сүтқоректі жануар. Қазақстанда кірпілердің 3 түрі мекендейді: кәдімгі кірпі, құлақты кірпі және қара кірпі.
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орманды жерлерінде, бұта арасында, тіпті елді мекендерде құлақты кірпі ( Hemiechinus auritus) тіршілік етеді. Кірпілердің арқасын, бүйірлерін тікен (ине) басқан. Әрбір 3 жыл сайын инелері түсіп, жаңарып отырады. Денесінің ұзындығы 20 см-дей, салмағы 600г шамасында болады. Жемін, әдетте түнде аулайды. Жәндіктермен, көлбақамен тіпті улы жыландармен де қоректенеді.
- Толығырақ
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің басшысы мен ғылыми қызметкері, Мәскеу қаласының Зоологиялық Институтының териолог ғалымдарымен бірлесіп 2023 жылдың шілде айының 11-12 жұлдызында Ақшәулі және Кіші Әлемді учаскелік аумағында Алтай суырына (Marmota baibacina) молекулярлық-генетикалық талдауға арналған сынамалар алу мақсатында іс сапарға шықты.
- Толығырақ
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері "Астана Халықаралық университетімен" келісімшарт негізінде, "Топырақтану институты" және "Варшава университетінің" Ph докторларымен бірлесіп 28.06. - 05.07.2023ж.ж. аралығында Ұлттық парктің аумағына далалық іс-сапарға шықты.
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры