Ұлттық парк территориясына өрт қаупі бар маусымда инженерлік тексерулер жүргізілуде. Орман шеберлері мен мемлекеттік инспекторлар тілсіз жауды болдырмай, алдын алу үшін территорияда орналасқан шаруа қожалықтармен кездесіп, өрт қауіпсіздігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өздеріне бөлінген аумақтарда өз техникаларымен минералдық жолақтар жасауда.

«Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде ЭАРТ бөлімінің ұйымдастыруымен Үржар ауылының «Ер Төстік» балабақшасында «Табиғат - біздің анамыз, Біз табиғатқа панамыз!» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.

Бұл тәрбие сағатының бір ерекшелігі –1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай балабақша тәрбиеленушілері әр ұлттың киімін киіп, сол елдің биін билеп, концерттік бағдарлама көрсетіп, керемет белсенділік танытты.

Концерттік бағдарламадан кейін тәрбиеленуші балалар ЭАРТ бөлімінің қызметкерлерінің өз қолдарымен дайындап, дыбыстаған мультфильмін тамашалады. Соңынан ЭАРТ бөлімінің қызметкерлері мультфильмнің желісі бойынша балақайлармен сұрақ-жауап алмасып, экологиялық көзқарастарының жақсы жағынан қалыптасуына ықпал етті.

Бүгін 24-сәуір күні ЭАРТ бөлімінің қызметкерлері Абылай хан орта мектеп-бақшасының тәрбиеленушілеріне «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде «Табиғат балалардың көзімен» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақ барысында ЭАРТ бөлімінің қызметкерлері өз қолдарымен дайындап, дыбыстаған мультфильмді тәрбиеленуші балалардың назарына ұсынды.

«Жас ақындар үнімен, табиғатты қорғайық бүгіннен!» байқауына 8-16 жас аралығындағы балалар қатысады.

Өткізілу шарты:

• Ұлттық парк учаскелеріне қарасты: Тарбағатай тауы, Қарабас тауы, Әлет үлескесі (учаскі) жайында аңыз-әңгіме ойластыру немесе өлең шығару. Байқауға қатысушы еңбектерін алдын-ала ұлттық парктің Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына 11-16 мамыр аралығында өткізу керек (хатқа қатысушының ТАЖ, мектебі және сыныбы жазылуы керек). Жазылған аңыз-әңгіме немесе өлең тақырыпқа сай болуы керек.

Сәуір айының 26-сы күні Абай облысы, Аягөз қаласында «Семей орманы» МОТР «Тау-Дала» филиалының Аягөз орманшылығымен ұйымдастырылған «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясының ашылу салтанаты ауқымды түрде өтті.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Экологиялық ағарту, рекреация және туризм және Табиғи кешендер мен объектілерді өсіру және табиғатты пайдалану бөлімдерінің қызметкерлері аталмыш акцияның қонағы болдық. Экологиялық акцияға жергілікті 11 мектептің оқушылары ұстаздарымен, жергілікті атқарушы ұйымдар және «Семей орманы» резерватының мемлекеттік инспекторлары қатысты. Қаланың орталық алаңына экологиялық мәселелерге бей-жай қарамайтын 300-ден астам адам жиналды.

Дәстүр бойынша іс-шара экологиялық акцияны қолдау туралы лозунгтар мен плакаттар ұсталынған салтанатты шерумен басталды. Сосын жас өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт болды. Экологиялық акция аяқталар алдында «Семей орманы» МОТР бас директорының у.м.а. Байжан Мұсақановтың алғыс хатын алып, ағаш отырғызу акциясына қатысып, өзіміз апарған ағаш көшеттерін отырғызып қайттық.

Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13 бап 1) тармағының 3 тармақшасына және 4 бабының 61) тармақшасына, Орман шаруашылығы  жануарлар дүниесі Комитетінің 16.03.2023 жылғы №27-5/46-НҚ бұйрығына сәйкес және «Тарбағатай» МҰТП-ның аумағындағы климат жағдайларын ескере отырып өрт қауіпі бар маусымның басталуы 5 сәуір болып бекітілді.

Өрт қауіптілігі орын алуы құрғақ және ыстық ауа райына байланысты жоғарылайды. Көп жағдайда дала өрті адамдардың абайсыздығынан пайда болады. Далалық алқаптарда өрттер демалыс орнында қараусыз, жағылған күйінде қалдырылған от шоғы, сөндірмей тастап кеткен темекі тұқылы, тез жанғыш заттар және қоқысты қалдырып кету себептерінен туындайды.

Табиғатта өрттің себепкері болмас үшін отты тек қана арнайы белгіленген орындарда жағып, орманнан, дала алқабынан, демалыс орындарынан кеткен кезде отты толық сөндіріп, топырақпен көміп немесе үстінен су құйып, жанғыш заттарды, қоқысты, сөндірілмеген темекі тұқылын тастамауларыңызды сұраймыз. Табиғатты қорғау –табиғатты  аялау әр адамның міндеті. Үлкен-кіші әрдайым табиғатты таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім...

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95