- Толығырақ
Наурыз айының 14-і күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері ұлттық парк директорының м.а. Қ.Сәрсембаевтың қатысуымен кеңсеге орман шеберлерін жинап, «Парктер шеруі — 2023» халықаралық табиғаттықорғау акциясының жоспарын таратып, түсіндіріп, өткізу шарттарын талқылап, жауаптыларды белгіледі.
- Толығырақ
2023 жылғы 19 ақпанда Семей қаласында «Тарбағатай» ұлттық паркін құру тарихы" және "Сиверс алма ағашының отаны" тақырыбында өлкетану қонақ бөлмесі өтті. Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің рекреация және туризм жөніндегі инженері Керимтаева Диана Бейсенбекқызы «Тарбағатай» МҰТП қызметі және Сиверс алма ағашының отаны туралы ақпарат бере отырып, ҮЕҰ-мен облыстық іс-шараға қатысты.
Семинардың толық бейнесін YouTube арнасынан https://youtu.be/L5kJ8eNrFsU сілтемесі бойынша көре аласыз.
Фото авторы өлкетанушы Владимир Боровинский.
- Толығырақ
Мемлекеттік инспекторлар Р.Тілек, Ж.Қабденов пен аңшы-биолог А.Рахимбеков «Әлет» туристік маршрутына қар шаңғысымен жетіп, қардан тазарту жұмыстарын жүргізді.
- Толығырақ
Ағымдағы жылдың 7 наурызы күні «Көктем — 2023» Республикалық командалық штабтық жаттығу жұмыстары аясында Үржар ауданының жедел жасақ қызметтеріне "ДАБЫЛ" белгісі беріліп, көктемгі су қаупі кезеңіне дайындықтары пысықталды. Оқу-жаттығу жұмыстарына «Тарбағатай» МҰТП қызметкерлері де қатысты.
- Толығырақ
Қояндар – сүтқоректілердің бір тұқымдасы, олардың 50-ге жуық түрлері бар. Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері де кездеседі. Салмағы орташа 0,1- 4,5 кг, дене тұрқы 12-75 см болады. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарына қарағанда ұзын. Сондықтан биіктеу жерлерге тез көтеріледі, ал биіктен түсерде қоян қиналады, кейде домалап та кетеді. Қоянның көзі басының ортасында емес, екі жағында орналасқандықтан, ол артынан, не жанынан кездесіп қалған аңды тез байқауға мүмкіндік береді. Қояндардың тістері өткір келеді. Олар өздеріне үйшік дайындамайды, қысқа азық жинамайды себебі, бұта түбінде, орман жиегінде тіршілік етеді. Түнге қарай азық іздеуге шығады. Көктем мен жаз айларында жасыл шөп, өсімдік тамырларымен қоректенеді. Ал қыста қалың қар астында тығылады. Қыс мезгілінде орманда азық өте аз болғандықтан қояндар ағаш қабығын кеміреді. Күз мезгілінің аяғында күздік егіс көктеп, қар астында басылып қалады. Кейде қояндар осындай егіс алқаптарында, қар астынан шұңқыр қазып күздік егіспен қоректенеді.
- Толығырақ
«Тарбағатай» МҰТП ұжымы аруларды шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, мол табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілейді!
Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын!
- Толығырақ
Маңырақ – Сауыр мен Тарбағатай тауларының, Зайсан қазаншұңқырымен Шілікті жазығының арасындағы тау. Бұл таудың табиғатының ерекшелігі көршілес аймақтардың табиғатының буданы іспетті. Біз «табиғаты» деп жануарлар әлемі, өсімдіктерін жалпы мағынада алып отырмыз.Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 65-70 км-ге созылып жатыр, енді жері 15-25 км. Биік жері Шөрбас тауы - 2035 м.
Тау неліктен «Маңырақ» деп аталады?
Ертеде жоңғарлардан қашқан қазақ ауылы тау ішінде жасырынуды ұйғарыпты. Алайда биік те тік шатқалға шығу өте қиынға соғады. Әсіресе, бір қой отарға ілесе алмай, қайта-қайта сүрініп, артта қала беріпті. Уақыт тығыз болғандықтан, ақсақ қойды жұртқа тастап кете берген.
Тау етегіне жеткен жау ары-бері шапқылап, көздеріне ештеңе ілінбеген соң кетуге бет бұрады. Сол сәтте қойдың маңырыған дауысын естіп тоқтайды. Олар жұртта қалған қойды тауып алып, сол жерден жақын арада жүріп өткен көш ізімен ауылды тауып алып, тірі жан қалдырмай қырып кеткен. Содан бері тау «Маңырақ» деп аталған екен.
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры