- Толығырақ
Бүгінгі күні «Тарбағатай» МҰТП флорасында 1640-қа жуық жоғарғы сатылы өсімдік түрлері бар. Талқыланатын аумақтың өсімдіктері 80 тұқымдасқа және 504 туысқа, оның ішінде шаңжапырақтәріздес 14 түрі (0,9%), қырықбуынтәріздес (0,2%) 4 түрі, жалаңаштұқымдылардың 6 түрі (0,4%), даражарнақтылардың 334 түрі (20,5%) және қосжарнақтылардың 1269 түрі (78%) бар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің тізбесіне «Тарбағатай» МҰТП флорасының 35 түрі еңген. Бұл өсімдіктердің сиреп кету себептері: орман өрттері, дәрілік өсімдітерді көп мөлшерде жинау, мал жаю және шөп шабу. Осы тізімде барлығымыз білетін таушымылдығы да бар.
Таушымылдық Paeonіa – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Тарбағатай тауының төменгі бөктерінде кең таралған. Биіктігі 40 – 80 см. Тамыры бұтақты әрі жуан, қоңыр түсті, салмағы 5 – 6 кг болады. Бұтақсыз сабағы бірнешеу, олар тік өседі. Ірі гүлі бір-бірден сабағының ұшында жетіледі. Үш-үштен шығатын саусақ салалы жапырақтарының шеті тілімделген, сабаққа кезектесіп орналасады. Хош иісті гүлдері қошқыл, қызыл не қызғылт, қос жынысты, аталығы көп, аналығының саны 1 – 8. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс піседі. Жемісі – жапырақша, тұқымының сырты жылтыр, қара түсті.
Таушымылдықтың тамырында эфир майы, салицин глюкозиді, крахмал, танин және аздаған алколоидтар болады. Халық медицинасында Таушымылдықтың тамырын емдік мақсатта күзде жинайды. Таушымылдықтың тұнбасы тәбет ашады, асқазан сөлінің қышқылын арттырады, астың қорытылуын жақсартады, жүйкені тыныштандырады.
- Толығырақ
Арқарлар көбінесе 10-15-тен топталып тіршілік етеді. Ұрғашы арқарларда жыныстық жетілу өмірінің екінші жылында, ал құлжаларында тек бесінші жылында болады. Арқарды төлімен оңайлықпен кезіктіру мүмкін емес. Олар Қазан-қараша айларында күйлеп, 6 айдан соң аналығы, көбіне, жалқы қозықа табады. Қозысы алғашқы күннен-ақ енесіне еріп кетеді. Енесі жайылуға кеткен кезде жас қозысын жасырып тастайды.
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің басшысы Зарина Тюркер.
- Толығырақ
Биотехникалық іс-шаралар жануарлардың мекендейтін ортасын қорғау және жақсарту болып табылады. Бұл іс-шара ұлттық парк аумағында жануарлардың белгілі бір түрлерінің немесе топтарының көптігі мен таралуына әсер ету, сондай-ақ жануарлардың фауналық биологиялық әртүрлілігін сақтау немесе көбейту мақсатында жоспарланып, жүзеге асырылады.
- Толығырақ
2023 жылдың маусым айының 5 жұлдызында «Зоология» институтының профессоры Таранов Бақдаулет Тұралыұлы Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлмінің қызметкерлеріне табиғаттағы биологиялық және географиялық айналым туралы дәріс өткізді. Сондай-ақ, 2022 жылы ұлттық парктің аумағында анықталған қосқанаттылар отрядынан жинақталған энтомологиялық жиынтықты сиға тартып, «Алет» және «Қарабас» туристік маршрутының бойында кезедесетін қабыршаққанатылармен таныстырды.
Ғылым ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.
- Толығырақ
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
- Толығырақ
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ақылбек Жұмабекұлының қолдауымен «Тарбағатай» ұлттық паркінің Туризм бөлімінің қызметкерлері туризм саласын қарқынды дамыту мақсатымен Алакөл жағалауына жол тартты.
- Толығырақ
2023 жылдың 28 наурызында бастау алған Республикалық маңызы бар «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы 02 маусым күні аяқталды. Бүгінгі жабылу салтанатына жалпы саны 340 адам қатысты.
Жалпы қорытынды есеп бойынша мектеп аралық командалардың арасынан байқауға белсене қатысып, «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясының кубогын Үржар ауылына қарасты «Абылайхан орта мектебі» КММ-сі иеленді. Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі Батырлар аллеясында өткізілді. Аталмыш акцияға үлес қосқандар Үржар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталса, жеңімпаздар Ұлттық парк директорының м.а. Қ.Сәрсембаевтың мадақамасымен марапатталып, сыйлықтар иеленді. Қатысушылар өз ризашылықтарын білдіріп, келер жылы өтетін «Парктер шеруі» акциясында жеңімпаз атанып, биіктерден көрінетіндіктеріне сенімді.
Туризм бөлімі.

Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры
















