- Толығырақ
Мемлекеттік инспекторлар Көктерек ауылында өтіп жатқан "Үржар ауданы әкімінің халыққа есеп беру" жиналысына қатысуда.
- Толығырақ
2013 жылдың 20 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы жұртшылықтың жабайы фауна мен флора мәселелерінде хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында 3-ші наурызды Дүниежүзілік жабайы табиғат күні деп жариялауға шешім қабылдады (World Wildlife Day). Бұл оқиға осы шешімді қабылдаған БҰҰ тарихында айрықша кезең болды. Бұдан былай адам күнтізбесінде жабайы табиғатқа арналған күн бар.
Көптеген адамдар жер шарындағы адамның ғана емес, жануар мен өсімдік болсын, тіпті әрбір тіршілік иесінің маңыздылығы туралы ойланатын болады. Бұл мерекені БАҚ-ның қатысуымен сауатты өткізу қарапайым азаматтар үшін әлем туралы білімнің көкжиегін кеңейтуге, адамдар әлемінен тәуелсіз өмір сүретін жабайы табиғаттың сұлулығын көрсетуге мүмкіндік береді. Ол адамды қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруге үйретеді.
- Толығырақ
Мемлекеттік инспекторлар Р.Оспанов, Е.Чокаев, Н.Бекболатов ұлттық парктің 15-ші мастерлік айналымына кезекті рейдке шығып, ешқандай заң бұзушылықтар орын алмағанын баяндап, түлкі мен қоян іздерін фотосуретке түсірген.
- Толығырақ
Мемлекеттік инспекторлар А.Ғабитов, Е.Жұмағұлов және орман шебері-мемлекеттік инспектор Е.Шакиров 40-шы мастерлік айналымда қыстық санақ жүргізіп, биотехния шараларын жасады. Санақ барысында қоян, түлкі іздері анықталған. Сондай-ақ, мемлекеттік инспекторлар қоянның жатқан орнын көріп, фотоға түсірген.
- Толығырақ
Ұлттық паркке қарасты «Тарбағатай» (зоологиялық) қаумалының мемлекеттік инспекторлары мастерлік айналымдарға күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізіп, аумақта орналасқан шаруа қожалықтарына маңайдың тазалығын сақтау және тауда мекен ететін жабайы аң-құстарға зиян келтірмеулері жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, қол қойдыруда.
- Толығырақ
Орман шебері М.Қонаев пен мемлекеттік инспектор А.Шидербаев учаскелік полиция майоры Ахмер Нұрболмен 44, 45, 47-ші мастерлік айналымдарға бірлескен рейд жүргізді. Рейд барысында құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.
- Толығырақ
Мемлекеттік инспектор - өзінің құзіретті мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіппен, оның күзет аймағының аумағында өзіне бекітіліп берілген айналыммен, мекемеге қарасты ерекше қорғалатын аумақта заң бұзушылықты болдырмау, табиғи ресурстарды, су, жер, орман, аң, құс, қоршаған ортаға зиян келтіретін заң бұзушылықтар мен әрекеттерден қорғау жұмыстарын жүргізетін тұлға.
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры