- Толығырақ
«Бірлік болмай тірлік болмас!» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.
Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетілді.
- Толығырақ
Ұлттық парк территориясына өрт қаупі бар маусымда инженерлік тексерулер жүргізілуде. Орман шеберлері мен мемлекеттік инспекторлар тілсіз жауды болдырмай, алдын алу үшін территорияда орналасқан шаруа қожалықтармен кездесіп, өрт қауіпсіздігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өздеріне бөлінген аумақтарда өз техникаларымен минералдық жолақтар жасауда.
- Толығырақ
- Толығырақ
«Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде ЭАРТ бөлімінің ұйымдастыруымен Үржар ауылының «Ер Төстік» балабақшасында «Табиғат - біздің анамыз, Біз табиғатқа панамыз!» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.
Бұл тәрбие сағатының бір ерекшелігі –1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай балабақша тәрбиеленушілері әр ұлттың киімін киіп, сол елдің биін билеп, концерттік бағдарлама көрсетіп, керемет белсенділік танытты.
Концерттік бағдарламадан кейін тәрбиеленуші балалар ЭАРТ бөлімінің қызметкерлерінің өз қолдарымен дайындап, дыбыстаған мультфильмін тамашалады. Соңынан ЭАРТ бөлімінің қызметкерлері мультфильмнің желісі бойынша балақайлармен сұрақ-жауап алмасып, экологиялық көзқарастарының жақсы жағынан қалыптасуына ықпал етті.
- Толығырақ
Бүгін 24-сәуір күні ЭАРТ бөлімінің қызметкерлері Абылай хан орта мектеп-бақшасының тәрбиеленушілеріне «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде «Табиғат балалардың көзімен» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақ барысында ЭАРТ бөлімінің қызметкерлері өз қолдарымен дайындап, дыбыстаған мультфильмді тәрбиеленуші балалардың назарына ұсынды.
- Толығырақ
«Жас ақындар үнімен, табиғатты қорғайық бүгіннен!» байқауына 8-16 жас аралығындағы балалар қатысады.
Өткізілу шарты:
• Ұлттық парк учаскелеріне қарасты: Тарбағатай тауы, Қарабас тауы, Әлет үлескесі (учаскі) жайында аңыз-әңгіме ойластыру немесе өлең шығару. Байқауға қатысушы еңбектерін алдын-ала ұлттық парктің turizmtb@mail.ru электрондық поштасына 11-16 мамыр аралығында өткізу керек (хатқа қатысушының ТАЖ, мектебі және сыныбы жазылуы керек). Жазылған аңыз-әңгіме немесе өлең тақырыпқа сай болуы керек.
- Толығырақ
Сәуір айының 26-сы күні Абай облысы, Аягөз қаласында «Семей орманы» МОТР «Тау-Дала» филиалының Аягөз орманшылығымен ұйымдастырылған «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясының ашылу салтанаты ауқымды түрде өтті.
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Экологиялық ағарту, рекреация және туризм және Табиғи кешендер мен объектілерді өсіру және табиғатты пайдалану бөлімдерінің қызметкерлері аталмыш акцияның қонағы болдық. Экологиялық акцияға жергілікті 11 мектептің оқушылары ұстаздарымен, жергілікті атқарушы ұйымдар және «Семей орманы» резерватының мемлекеттік инспекторлары қатысты. Қаланың орталық алаңына экологиялық мәселелерге бей-жай қарамайтын 300-ден астам адам жиналды.
Дәстүр бойынша іс-шара экологиялық акцияны қолдау туралы лозунгтар мен плакаттар ұсталынған салтанатты шерумен басталды. Сосын жас өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт болды. Экологиялық акция аяқталар алдында «Семей орманы» МОТР бас директорының у.м.а. Байжан Мұсақановтың алғыс хатын алып, ағаш отырғызу акциясына қатысып, өзіміз апарған ағаш көшеттерін отырғызып қайттық.
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры