15-мамыр күні сағат 14:30-да өрт сөндіру жасақтарына түскен  «Дабыл» белгісімен «Тарбағатай» МҰТП-да орман-дала өрттерін сөндіруге арналған оқу-жаттығу жұмыстары басталды. Оқу-жаттығу Үржар ауылының онтүстік-шығыс бағытында өткізілді.

47,48,49,64 мастерлік айналымның мемлекеттік инспекторлары «Қарабас» туристік маршрутында тазалық сенбілігін өткізіп, жөндеу жұмыстарын жүргізді.

15-мамыр күні ЭАРТ бөлімінің қызметкерлері «Парктер шеруі – 2023» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде «Туған жерге тағзым» экологиялық акциясын өткізді. Абылайхан орта мектеп-бақшасының  Жас орманшылар одағын «Қарабас» туристік маршрутына экскурсияға апарды.

Оқушылар аудан орталығынан 110 км қашықтықта орналасқан, теңіз деңгейінен 1500 м биіктіктегі Қарабас тауына бірінші рет барып отырғандарын жасырмады. Маршруттың басынан соңына дейін 9 км құрайды. Жас орманшылар сол маршрут бойындағы тау шыңында орналасқан ІІХК мөрін өз көздерімен көріп, тарихын тыңдады. Артынша тау бөктерінде орналасқан петроглифтерге қарай жол тартып, ол жерде петроглифтер мен Қарабас тауы туралы аңызға қанық болды.

Жас орманшылардың жүздерінен шаршаңқылық байқалса да, біріңғай киім үлгісін киіп, ұлттық парк қызметкерлерімен бірге фотоға түсіп қайтты.

Аталмыш акцияға 25 адам қатысты.

Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова

12-мамыр күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері «Парктер шеруі — 2023» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының «Ең үздік лозунг» конкурсынын қортындысы бойынша «Туристік маршрутқа саяхат» сертификатын ұтып алған  гран-при иелері «Жасыл ел»  тобы мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлерін «Әлет»  туристік маршрутына саяхатқа шықты.

Саяхатшыларға алдымен техника қауіпсіздігі туралы ақпараттандырылды.

Саяхатшылармен «Әлет»  туристік маршруты бойымен саяхат жасап, табиғатты тамашалап, экскурсия барысында көптеген ақпараттарға қанық болды.

Демалыс үйінің алдына өз қолдарымен гүл көшеттерін отырғызды.

Әртүрлі ойындар ойнап, уақыттарын көңілді өткізді.

Командада 3 адам (бала, әкесі, анасы) ғана болуы керек.

1.  Сәлемдесу;

2. Команданың атауы мен ұраны;

3. Біріңғай киім үлгісі.

04.05.2023 жылы «Нерест – 2023» жедел профилактикалық іс-шаралар барысында «Тарбағатай» МҰТП жедел топ инспекторлары Б.Саудабаев, М.Касенов, М.Жақманов, Н.Макаулов және Абай облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және аңшылық шаруашылығының жедел қимыл отряды» КММ инспекторлары Р.Смағұлов, Е.Қажибаев, А.Бауезов бірлесіп Үржар, Қатынсу, Еміл өзендерінде рейдтік тексеріс жұмыстарын жүргіздік. Рейд барысында ҚР ӘҚБтК 380 бабына сәйкес екі әкімшілік хаттама толтырылды.

Авторы: Орман шебері-мемлекеттік инспектор Берік Саудабаев.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95