Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Атқарып жатқан қажырлы еңбектеріңіз, тың бастамаларыңыз бен жобаларыңыз, батыл идеяларыңыз бен бірегей зерттеулеріңіз үшін алғыс айтамыз!
Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас қуат, ізденіс жолында шабыт және толағай табыстар тілейміз!

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.

Интервью берген: Орманшылық басшысы-мемлекеттік инспектор Шәріпқанов Қуандық Серікұлы.

«Тарбағатай» (зоологиялық) қаумалының мемлекеттік инспекторлары өрт қаупі маусымына барлық қолжетімді өрт сөндіру құралдарын түгендеп, дайындық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, ұлттық парк территориясында орналасқан шаруа қожалықтарын аралап, өрт қаупі маусымына дайындықтарын тексеріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Көрмеге Үржар ауданының бүкіл мектептері қатыса алады. 

Өтетін күні: 24 сәуір, 2023 жыл.

Уақыты: Сағат 10:00-де.

Өтетін орны: Үржар тарихи өлкетану музейі.

Автор: Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.

Сәуір айының 6-сы күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері Ақшоқы ауылының Тұрағұл Қоңыр орта мектебінің 7-8 сынып оқушыларымен «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде «Білмектің кілті білім мен ғылымда»  тақырбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында екі команда арасында табиғатқа байланысты сайыстар өтті.
1.      Таныстыру. Команда аттарын таныстырып, команда ұранын айтты;
2.      Ой-толғақ. Командалар презентация мен плакаттар дайындап, қазіргі таңдағы экологиялық проблемалар, оларды болдырмау, алдын алу туралы ой-пікірлерін ортаға салды.
3.      Мың бір мақал. Табиғатқа қатысты мақал-мәтелдер айтып жарысты.
4.      Жүз бір жұмбақ. Бір-біріне табиғатқа байланысты жұмбақтар қойып, шешуін тапты.
5.      Эко-дизайнерлер. Әр команда балалары қалбыр, құмыра, кортон жәшік сияқты іске жарамсыз қалдықтарды сол сәтте безендіріп, формаға келтіріп, кәдеге жаратты.
6.      Біз көңілді баламыз! Командалар құстарға байланысты әннен шашу шашып, алғыс қағаздармен марапатталды.

Сәуір айының 6-шы жұлдызы күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері «Парктер шеруі - 2023» табиғатты қорғау акциясы аясында Мақаншы ауылдық округінің « Ә.Найманбай атындағы орта мектеп» КММ-нің  8 сынып оқушыларымен бірлесіп, «Қызғалдақтар күнін» атап өтті. Аталмыш шара барысында ғылыми қызметкерлер дайындаған дәріс мәліметтерімен бөлісті.  Содан кейін, оқушылар арасында түрлі ойындар ойнатып, оқушылардың қызығушыларын оятты. Шара соңында «Қызғалдақтар күні» акциясына белсенді қатысқандары үшін оқушылар мадақтама грамотасымен  марапатталды.

ҒАЭМ бөлімі.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95