- Толығырақ
Әлемде көңілі тап-таза ақ парақтай бір халық бар. Олар тек шын қуанып, шын жылай алады. Олардың өтірік айтқанының өзін өздерінің көздері айтып тұрады. Олар, тіпті, жамандық дегеннің не екенін білмек түгілі сезбейді де. Олар, тіпті, адамды жақсы-жаман деп бөліп, сырттан әңгіме айту, кек сақтау, сәті келгенде аяқтан шалып қалу дегенді де, сөзбен жан жаралау дегенді де білмейді. Не айтса да таза көңілден шығарады. Берген сыйлыққа шын қуана алатын да осылар. Бұл халық - әлемдегі ең бақытты бала деген атқа ие жандар.
- Толығырақ
Бүгін, 01-маусым күні аудан әкімінің орынбасары Ақылбек Жұмабекұлы мен Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Ерзат Болатұлы мен аудан әкімдігінің басқа да қызметкерлері қызмет бабымен ұлттық парк кеңсесіне ат басын бұрды.
Елімізде туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін ескере отырып, басшылар туған өлкеміздегі турзм саласын дамытуға ерекше назар аударды. Туризм бөлімінің қызметкерлері 3D-карта арқылы туристік маршруттардың бойында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерді көрсетіп, олар туралы толық ақпараттар айтып өтті.
- Толығырақ
Қазақстан үкіметінің Ғаламдық экологиялық қор – Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы жобасы Орманды экологиялық және әлеуметтік - экономикалық тиімділігі үшін ормандарды сақтау және тұрақты басқару бойынша, 2023 жылдың 30 мамыр мен 1 маусым аралығында Алматы қаласында брифинг өтті.
- Толығырақ
30-мамыр күні «Туристік маршруттарды абаттандыру жұмыстары» тақырыбында Ғылыми-техникалық кеңес өтті. Кеңеске алқа мүшелерімен қатар ЭАРТ бөлімінің қызметкерлері түгелдей қатысты.
ҒТК-те ЭАРТ бөлім басшысының м.а. Д.Керімтаева туристік маршруттарға тоқталып, жүргізілген абаттандыру жұмыстарын айтып, өзекті мәселелерді қозғады. Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова 3D карта арқылы 4 туристік маршруттардағы тарихи-мәдени есерткіштерге сипаттама беріп өтті.
Отырыс соңында алқа мүшелері сұрақтарын қойып, ой-пікірлерін айтты.
Экскурсия жетекшісі Н.Абайхан.
- Толығырақ
Құрметті ауданымыздың тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 2023 жылы 02 маусымда сағат 10:00 Орталық алаңға
“Парктер Шеруі - 2023”Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанатына ШАҚЫРАМЫЗ!
- Толығырақ
29 мамыр күні ұлттық парктің мемлекеттік инспекторларына, орман шеберлеріне, инженерлерлері мен мамандарына үлкен жиалыс өтті.
- Толығырақ
Бүгін 28 мамыр күні Туризм бөлімінің ұйымдастыруымен “Парктер шеруі-2023” Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылуына орай, Үржар ауданы бойынша ВОЛЕЙБОЛДАН ерлер командасы арасында турнир өтті.
1 орын - “Жастар ресурстық орталығының” командасы @urjar_jastary
2 орын - Абылайхан Орта мектебінің командасы @abylai_khan.school
3 орын - Тарбағатай ұлттық паркінің командасы @tarbagatai_2018
Барлық ойыншылар Ұлттық парк директорының м.а Қ.Сарсембаевтың мадақтама қағаздарымен марапатталып, бағалы силықтарға ие болды.
Экскурсия жөніндегі нұсқаушы - Э.Баженов.

Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры















