- Толығырақ
Мемлекеттік инспекторлар Р.Оспанов, Е.Чокаев, Н.Бекболатов ұлттық парктің 15-ші мастерлік айналымына кезекті рейдке шығып, ешқандай заң бұзушылықтар орын алмағанын баяндап, түлкі мен қоян іздерін фотосуретке түсірген.
- Толығырақ
Мемлекеттік инспекторлар А.Ғабитов, Е.Жұмағұлов және орман шебері-мемлекеттік инспектор Е.Шакиров 40-шы мастерлік айналымда қыстық санақ жүргізіп, биотехния шараларын жасады. Санақ барысында қоян, түлкі іздері анықталған. Сондай-ақ, мемлекеттік инспекторлар қоянның жатқан орнын көріп, фотоға түсірген.
- Толығырақ
Ұлттық паркке қарасты «Тарбағатай» (зоологиялық) қаумалының мемлекеттік инспекторлары мастерлік айналымдарға күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізіп, аумақта орналасқан шаруа қожалықтарына маңайдың тазалығын сақтау және тауда мекен ететін жабайы аң-құстарға зиян келтірмеулері жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, қол қойдыруда.
- Толығырақ
Орман шебері М.Қонаев пен мемлекеттік инспектор А.Шидербаев учаскелік полиция майоры Ахмер Нұрболмен 44, 45, 47-ші мастерлік айналымдарға бірлескен рейд жүргізді. Рейд барысында құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.
- Толығырақ
Мемлекеттік инспектор - өзінің құзіретті мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіппен, оның күзет аймағының аумағында өзіне бекітіліп берілген айналыммен, мекемеге қарасты ерекше қорғалатын аумақта заң бұзушылықты болдырмау, табиғи ресурстарды, су, жер, орман, аң, құс, қоршаған ортаға зиян келтіретін заң бұзушылықтар мен әрекеттерден қорғау жұмыстарын жүргізетін тұлға.
- Толығырақ
2023 жылдың 1-ақпаны күні ұлттық парк кеңсесінде орман шеберлеріне ұлттық парк директорының м.а. Қ.Сәрсембаевтың қатысуымен айлық жиналыс өтті.
Жиналыста алдымен заңгер Н.Дүйсекенов Әдеп кодексі мен Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы алдын ала ескертпелер айтып өтті.
Артынша бөлім басшылары, инженерлер мен мамандар тарапынан
* Техника қауіпсіздігін сақтау шаралары;
* БАҚ бойынша жұмыстар түсіндіріліп;
*Күнделікті атқарылатын жұмыстар;
*Жануарларды есепке алу;
*Мемлекеттік инспекторлардың күнделік толтырулары;
*SMART құрылғысы бойынша жұмыстар талқыланды.
- Толығырақ
Ұлттық паркіміздің мемлекеттік инспекторлары аумақтағы жинақталған ылғал көлемін анықтау мақсатында аймаққа қар түскенннен бастап арнайы орнатылған қар өлшегіш сызғыштардың көмегімен қар өлшеу жұмыстарын жүргізуде.
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры