2023 жылдың 31 қаңтары күні ұлттық парк кеңсесінде Ғылыми-техникалық кеңес өтті. Кеңес барысында ҒТК құрамы қайта бекітіліп, жоспар бойынша тақырыптар талқыланды.

Маралдар – бұғы тұқымдастарының ішіндегі ең ірі түрі, үлкен және мықты жануарлар. Қыс мезгілінде бұғылар тауларға көтеріліп, қардан ашық жерлерді мекендейді. Күндізгі уақытта күн сәулесі жақсы түсетін биіктіктерде алаңсыз қыздырынып жатқан 6-дан 15-ке дейінгі маралдар тобын байқауға болады.
Фото, видеоға түсірген мемлекеттік инспектор - Хихматаллинов Ф.

Үлкен дақты тоқылдақ - құстардың осы түрінің ең көп таралған өкілдерінің бірі . Тоқылдақ ағашқа секундына 20-25 рет соққы бере алады (бұл пулеметтің жұмыс жылдамдығынан екі есе дерлік) күніне 8000-12000 рет. Бұл құстар жәндіктерді бақылауда маңызды рөл атқарады, ауру векторларын жою арқылы ағаш ауруларының таралуын шектеуге көмектеседі. Осылайша, тоқылдақ құсы ормандарды сақтауға көмектеседі. Парктың аумағында құс кішкентай ормандарда, тоғайларда кең тараған, құстар құрғақ ағаштар басым болатын көктерек, қайың және терек тоғайларына үйір. Елді мекендерде құсты кездестіру қиын емес.

Автор: Аңшы-биолог Е.Красон.
Видеоға түсірген: Мемлекеттік инспектор С.Мұсабеков

Кәдімгі тілеміш (Buteorufinus) - сұңқарлар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Денесі  55-тен 65 см-ге дейін, ал қанаттарының ұзындығы 126-155 см-ге дейін жетеді. Ұлттық парктің территорясында кәдімгі тілеміш таулы және ашық ландшафттарда, сонымен қатар далалар мен шөлейттерге дейінгі аралықта мекендейді. Айналаны анық байқау үшін кәдімгі тілеміш  ұясын биік жерлерде салғанды жөн көреді. Сондай-ақ, ағаштары сирек кездесетін аймақтарда ұяларын жерге немесе электр бағанасына салады. Сәуір айының алғашқы жартысында ұяларына 2-5 жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан балапандары ұяда 50 күнге дейін қоректендіреді де, маусым айының соңында ұша бастайды.
Аулауға тыйым салынады.
🖋 Ғылыми қызметкер А.Д. Шәріпқанова
 📷 Профессор, б.ғ.к К.П. Прокопов

29-шы айналымның орман шебері-мемлекеттік инспектор Е.Абдуллин және мемлекеттік инспекторлар А.Шарапиев пен Н.Скаковтың кезекті рейд барысында жабайы жануарлардың іздерін смарт құрылғысына түсіру сәті.
❄ Қар бетінен түлкі, қоян, елік және құстардың іздері анықталған.
 Баспасөз қызметі.

2023 жылдың 30 қаңтар күні сағат 11:00-де ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі ақбөкендерді ғылыми мақсатта алып қою мәселесін түсіндіру бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізетінін хабарлайды.
Спикерлер: ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті,  ҚР БҒМ ҒК «Зоология институты», «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» өкілдері.

Өткізілетін орны: Астана қ., Мәңгілік ел көш.11/1, ММК «Қазгидромет» ғимараты.

Аккредитация 8-708-352-20-57 нөмірі арқылы.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты жабайы тұяқтылар мен қоян тәрізділерді азықтандыру мақсатында "Тарбағатай" МҰТП аумағында биотехникалық іс-шаралар өткізілді. 🎥 🖋 Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімі.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95