Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен 2007 жылдан бері бүкіл әлемнің 180-нен астам елінде «Жер сағаты» ең ауқымды экологиялық акциясы өткізіліп келеді.
Ал біздің еліміз аталмыш акцияны биыл 14-ші рет өткізгелі отыр. Дәстүр бойынша әртүрлі экологиялық тақырыптарға назар аудару үшін наурыз айының соңғы сенбісінде бүкіл әлем 20:30-дан 21:30-ға дейін бір сағатқа электр қуатын өшіреді. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен 25 наурызда сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін (Астана қ.) «Жер сағаты» акциясы өтеді.

Инспекторлар К.Гергенрейдер, Н.Танырберген, Е.Гергенрейдердің аумақты орман шебері С. Мұсабековпен бірге аралауы.
✓36-учаскедегі Колденен өзеніндегі су деңгейін өлшеу.
✓ағаштарды тексеру тал, терек, үйеңкі ағаштарындағы бүршіктердің ісінуінің бірінші кезеңін бақылау.
 Автор: Мемлекеттік инспектор Гергенрейдер Е.

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ізгі ниетпен «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұжымы.

Құм қоян (Lepus tolai) – қояндардың ішіндегі ең кішісі. Дене тұрқы 38 – 53 см, салмағы 1,5 – 2,5 кг.

Мемлекеттік инспекторлар мен Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері халыққа «Парктер шеруі — 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясының ашылу салтанатына қатысуға шақырып, сонымен қатар үнпарақтар мен брощюралар таратып, насихаттау жұмыстарын жүргізді.

Қазақстанда «Парктер шеруі» Халықаралық табиғат қорғау акциясы басталды, ол 1996 жылдан бастап наурыз-маусым айларында дәстүрлі түрде өтеді.
Аталмыш акция Үржар ауданында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет 2019 жылдан бастау алып, биыл қатарынан 5-ші жыл өткізілмек.

Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері Үржар ауданының жергілікті атқарушы ұйымдарын аралап, «Парктер шеруі — 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясының жоспарын түсіндіріп, келісім парағына қол қойдырды.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95