«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Үштөбе мастерлік учаскесінің мемлекеттік инспекторлары Қарауыл бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Н.М. Бидахметовпен және Самар АПБ ҚҚБ учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты О.К. Токушевпен бірлескен рейдтік іс-шара өткізді.
Рейд барысында инспекторлар көршілес орналасқан шаруа қожалықтарын аралап, тұрғындарға және шаруашылық иелеріне өрт қауіпі жоғары кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, табиғатта ашық от жақпау, қоқысты өртеуге тыйым салу жөнінде түсіндірме және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, табиғи экожүйені қорғау мақсатында ұлттық парк аумағындағы бұлақ көздерін тастар мен қоқыстардан тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл шаралар табиғи су көздерінің ашық қалпын сақтауға және жануарлар мен құстардың суаттарын қорғауға бағытталды.
🌿 Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау мәдениетін арттыру, орман және дала өрттерінің алдын алу, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

1 1 1 1

Орман шебері: А.С. Өтешов.

Ұлттық парк аумағында алғашқы қар түскеннен кейін шілдер жиі көріне бастады.
Қыс мезгілінде шілдердің қорегі азаяды, сондықтан олар елді мекендерге, сабан мен топан үйінділеріне қарай ұшады, сондай-ақ қар мен егіс алқаптарында шұңқыр қазып, күздік дақылдардың өскіндерін іздейді.
 
Бұл құстар көбіне 20-ға дейінгі дарақтан немесе бірнеше үйірден тұратын топпен жүреді және түнде топтасып түнейді. Көбіне елді мекендердің маңында, бұталардың арасында немесе төбелердің баурайында, жел өтінен ықтасын жерлерде қар үстінде түнейді.
 
 
Мемлекеттік инспектор: Е.Гергенрейдер

Ағымдағы жылдың 5 қарашасы күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің экскурсия жетекшілері Д. Баяхметов пен Ж. Сакиева, орманшылық басшысы Ф.Хикматалимов және мемлекеттік инспекторлар К.Еркинтаев, С. Токушевпен бірге «Қарабас» туристік маршрутына күзгі түгендеу жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында маршрут бойындағы ақпараттық тақталар, маршрут картасы, демалыс орындары, қоқыс жәшіктері және қашықтықты көрсететін бағыттаушы белгілердің барлығының жарамды күйде сақталғаны анықталды.
Түгендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша ақпараттық тақталар, аншлагтар және маршрут картасы толықтай жұмысқа жарамды күйде екені белгіленді.

1 1 1 1 1 1 1 1 1

Экскурсия жетекшісі: Ж.Сакиева.

Сізге көрсетілген бұл алғыс — еңбегіңіздің жемісі мен табиғатты аялауға қосқан зор үлесіңіздің айғағы.
Орманды қорғау мен экологиялық тепе-теңдікті сақтау жолындағы қажырлы еңбегіңіз әріптестеріңізге үлгі, кейінгі ұрпаққа өнеге болсын!
 
Сізге мықты денсаулық, отбасылық амандық, еңбекте табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
Жасыл табиғатты қорғау жолындағы абыройлы қызметіңіз әрдайым бағалана берсін! 🌳

1 1

Игі тілекпен: «Тарбағатай» МҰТП ұжымы.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы елеулі еңбегі үшін Дарханбаев Нурбек Калдыбековичті Құрмет грамотасымен марапаттады.
 
Бұл марапат — Нурбек Калдыбековичтің кәсіби жауапкершілігі мен табанды еңбегінің, сондай-ақ еңбек ұжымындағы белсенді азаматтық ұстанымының айғағы. Ол өзінің адал қызметі мен ынта-жігерінің арқасында ұжымда жоғары беделге ие болып, кәсіподақ қозғалысының дамуына зор үлес қосып келеді.
 
Кәсіподақ қозғалысының 120 жылдық мерейтойы аясында берілген бұл марапат — еңбек адамының қоғамдағы рөлін дәріптеу мен әділдік қағидатын ұлықтаудың жарқын көрінісі.
 
Ұжым атынан Нурбек Калдыбековичті шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасылық амандық және жаңа кәсіби табыстар тілейміз!
Еңбегінің жемісі артып, абыройы асқақтай берсін! 🌿

1 1

Табиғат – адамзаттың тіршілік бесігі, өміріміздің бастауы. Біз демалатын таза ауа, ішетін мөлдір су, жейтін ас – барлығы табиғаттың сыйы. Сондықтан оны қорғау, аялау – әр адамның қасиетті борышы. Алайда бүгінгі таңда қоршаған ортаның ластануы, әсіресе тұрмыстық қалдықтардың көбеюі – өзекті мәселеге айналып отыр.
Қоқысты бейберекет тастау – тек айналаны ластау емес, ол экологиялық мәдениеттің төмендігін көрсетеді. Бір ғана пластик бөтелке жүздеген жылдар бойы шірімей, топырақты улайды, жануарларға зиянын тигізеді. Ал орманда немесе өзен жағасында тасталған қоқыс табиғаттың сұлулығын ғана емес, тіршілік иелерінің өмірін де қауіпке тігеді.
Сондықтан біз табиғатқа тек демалу үшін емес, оған қамқорлық көрсету үшін баруымыз керек. Әрбіріміз өзімізден бастап тазалыққа мән беріп, қоқысты жинап, сұрыптауды әдетке айналдырсақ – үлкен өзгеріс орын алады. «Табиғатқа қоқыс емес, қамқорлық керек!» деген ұстаным – бүгінгі және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміздің белгісі.
Таза табиғат – бақытты өмірдің кепілі. Ендеше, туған жердің әр тасын, әр гүлін қадірлейік. Қоршаған ортаны таза ұстау – өзімізге, болашағымызға жасаған қамқорлық.
Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова.

Касенбаев Бахитжан Маратович “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Қарабұйрат орманшылығының мемлекеттік инспекторы қызметін атқарады. Ол ұлттық парктегі еңбек жолын 2021 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін табиғатты қорғау саласында адал қызмет етіп келеді.

Бахитжан Маратович өз ісіне ерекше жауапкершілікпен қарайтын жан. Мемлекеттік инспектор ретінде оның басты міндеті — орман алқаптарын заңсыз ағаш кесуден қорғау, өрт қаупін болдырмау, табиғи ресурстардың сақталуын қамтамасыз ету және экологиялық тәртіпті бақылау. Осы бағытта ол әрдайым табандылық танытуда.

Күнделікті жұмыс барысында ол орманды қорғау ісінің тек қызмет емес, үлкен жауапкершілік пен жанашырлықты талап ететінін жақсы түсінеді. Табиғатты аялау, жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру – оның кәсіби және адамгершілік ұстанымдарының бір бөлігі.
 
Ұлттық парктің баспасөз хатшысы: Ә.Көбенова.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95