- Толығырақ
Ұлттық парк аумағынада жыландар қысқы ұйқыдан оянып, белсенді өмірге қайта оралады. Күн жылына бастағаннан кейін олар күнге қыздырыну үшін жер бетіне шықты. Бұл кезеңде жыландардың жұптасу уақыты да басталады. Әсіресе наурыз–мамыр айларында оларды жиі кездестіруге болады.
Көктемде жыландардың белсенділігі күрт артады. Бұл табиғи құбылыс олардың биологиялық циклымен тығыз байланысты. Жыландардың көктемгі белсенділіктің басты ерекшеліктері:
1. Қысқы ұйқыдан ояну
2. Күнге қыздырыну
3. Жұптасу кезеңі
4. Қоректену
5. Мекенін ауыстыру
🖊️Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі
📷Мемлекеттік инспекторлар
- Толығырақ
ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Абай облысы бойынша өрт қауіпті маусым ашылды, бұл орман өрттері қаупінің артуына байланысты орман шаруашылықтары үшін Жылдың ең маңызды кезеңі болып табылады.
Қазіргі уақытта ормандарда ылғалдың жетіспеушілігінен өрт тез таралып, жанудың кең ошақтарын тудыруы мүмкін.
Ерте-көктемгі күндерден бастап табиғатты қорғау мекемелерінің қызметкерлері орман қауіпсіздігіне ерекше назар аударады және мемлекеттік орман қоры аумағында өрттің алдын алу бойынша мынадай іс-шараларды белсенді жүргізеді:
- өрттің алдын алу;
- өрттің алдын алу және бақылау;
- жергілікті тұрғындарды ақпараттандыру;
- күштер мен құралдарды толық жұмылдыру.
Мұндай іс - шаралардың басты мақсаты - орман өрттерінің таралуын азайту, табиғатты, экожүйелерді және адамдардың өмірін қорғау.
Табиғи ресурстардың жоғалуын болдырмау, сондай-ақ ірі орман өрттері кезінде туындауы мүмкін экологиялық апаттардың алдын алу маңызды.
Ауа райының ерте жылуы өсімдіктердің кептірілген бөліктерінің оңай тұтануына ықпал етеді. Мұндай жағдайларда сөндірілмеген оттар, тасталған темекі тұқылы, өртті абайсыз пайдалану бүкіл экожүйелердің өліміне әкелуі мүмкін.
Табиғаттың сақталуы - адамның жауапкершілігі.
Өз іс-әрекеттеріңізде абай болып, сақтық танытыңыз!
- Толығырақ
- Толығырақ
2025 жылдың сәуір айының 11-і күні "Үржар" орманшылығының мемлекеттік инспекторларының ұйымдастыруымен “Парктер шеруі - 2025” Халықаралық табиғатты қорғау акциясы мен “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы шеңберінде “Тарбағатай” МҰТП-нің аумағында орналасқан бұлақ көздері ашылып, маңайы қоқыстардан тазартылды.
"Бұлақ көрсең, көзін аш!" экологиялық акциясына ұлттық парктің жеке техникалық құрамы мен Абылайхан орта мектебінің Жас орманшылар одағы да жұмылдырылды.
ЕҚТА аумағында бұлақтарды қоқыстан тазарту барысында жиналған қоқыс көлемі - 0,5 тонна, акцияға қатысушылар саны - 15 адам, тазартылған аумақтың көлемі - 1 га.
Видео авторы: "Үржар" орманшылық басшысының көмекшісі М.Аманғазы.
Мәтін авторы: Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова
- Толығырақ
Ағымдағы жылдың сәуір айының 10- күні Үржар тарихи өлкетану мұражайында Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Экокәдесый» байкауын корытындылау көрме ретінде ұйымдастырылды.
Комиссия мүшелері көрмеде балалардың өз қолдарымен дайындаған, әрі байқау ережесіне сай келетін қолөнерлерін бағалап, қорытындысын шығарды:
Бас жүлде Бағдатұлы Даулет Жансүгіров ОМ
1 орын Кравчук Алена Бондаренко Алексей Абылайхан ОМ
2 орын Заманбек Алдияр Жансүгіров ОМ
2 орын Амангельдіқызы Эсмеральда Абылайхан ОМ
3 орын Кулбаева Кәусар Момышұлы ОМ
3 орын Даулетұлы Қуаныш Жансүгіров ОМ
«Экокәдесый» байқауына қатысушыларға алғыс білдіре отырып, жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
Марапаттау рәсімі «Парктер шеруі - 2025» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанатында өтетінін хабарлаймыз
ЭАРТ бөлім басшысы Р.Қабсаметов
- Толығырақ
2025 жылдың сәуір айының 07-сі күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен “Парктер шеруі - 2025” Халықаралық табиғатты қорғау акциясы, “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы, Республикалық “ТазаLike” жол картасының іс-шарасы шеңберінде “Тарбағатай” МҰТП-нің аумағында орналасқан бұлақ көздері ашылып, қоқыстардан тазартылды.
"Мөлдір бұлақ" экологиялық акциясына ұлттық парктің "Мақаншы", "Қарабұйрат", "Бақты" орманшылықтарының мемлекеттік инспекторлары зор үлес қосты! "Мақаншы" орманшылығының мемлекеттік инспекторлары акцияға мектеп оқушыларын жұмылдырды.
ЕҚТА аумағында бұлақтарды қоқыстан тазарту барысында жиналған қоқыс көлемі - 0,15 тонна, акцияға қатысушылар саны - 34 адам, тазартылған аумақтың көлемі - 3 га.
Ауа райы жағдайларын ескере отырып атқарылған аталмыш акция алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова.
- Толығырақ
Сәуір айының 7-ші жұлдызы күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері «Парктер шеруі - 2025» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында Науалы ауылдық округінің « Қ.Төлеубеков атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің 7 сынып оқушыларына «Жауқазындар күні» атты дәріс-сабақ өткізді.
Сабақ барысында ғылыми қызметкерлер дайындаған мәліметерімен бөлісіп, оқушыларды топтарға біріктіріп, әр топқа өз мәліметтерін қорғатты. Оқушылар аумақта кездесетін қызғалдақтардың түрлерімен, олардың Жер бетіне таралуын, табиғаттағы маңызы және қазіргі жай-күйі туралы өз ойларымен бөлісті. Семинар соңында оқушылар бір-бірлеріне баға беріп, тілек айтты.
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры